Меркі ауданы, Андас батыр ауылына қарасты «Ар-Рахим» мешітінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталып, халыққа қызмет көрсетуде.
Бүгінгі таңда, мешіттің ішкі бөлмелерінің қабырғалары сүріліп, бөлмелері біріктіріліп, бағаналар қойылып, үлкен намаз оқитын бөлме жасалды. Қабырғалары заман талабына сай әрленіп, жылы еден орнатылып, жаңа кілем төселді. Намаз оқитын бөлменің төбесіне кермелі төбе орнатылды.
Ендігі кезек мешітке кіре берісінің жұмысы қалды. Айта кетейік, мешіт аудан орталығынан 30 км қашықтықта орналасқан. Мешіт ғимараты әуелі 1951-1996 жылдары колхоздың конторы болған. Игі іске атсалысуға шақырамыз!
Алла Тағала мешіттің жөндеу жұмыстарына атсалысып жатқан барша бауырларымызға разы болып, сауаптан жазғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі