Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбындыболуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналасуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті Пайғамбарымыз Мұхаммед ( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде өз хайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек»,- деген « ( Имам Мүслім ).
Ислам дінінде әйелдер мен қыз-келіншектерге де спортпен шұғылдану өте манызды. Жамбыл Облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожа қызы және ауданымыздың қыздар жаттықтырушысы Гули Бахадировнамен әйел-қыздар арасында топтық жарыс ұйымдастырды.
Жарыс – «Кәусар», «Тәуекел» үлкендер тобы арасында және «Фирдаус», «Раян» кіші топтар арасында өтті. Жарысқа дейін жаттығылар жасалып, шәкірттер даярланды. Қатысушылар сайыс барысында түрлі кедергілер мен тапсырмаларды орындап, бақ сынасты. Жарыс нәтижесі бойынша үлкен топ «Тәуекел» тобы, кіші топтан «Фирдаус» тобы жеңіске жетті. Қатысушыларға рахмет айтылып, жеңген топтарға сылық берілді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі