Меркі ауданы "Тәтті" ауылдық мешітінің имамы Асхат Көпбосыновтың жасаған игі ісі бүкіл мұсылмандарға өнеге болды.
Ауыл имамы ауылдан үй сатып алып, жаңа қонысқа көшіп, бұрынғы тұрған үйін сатылымға қойған екен. Ауыл тұрғындарының арасынан жас отбасы үйдің сатылатынын естіп ауыл имамына жолығып, үйдің жағдайын көріп, бөліп төлеуге сұраған. Ауыл имамы жас отбасының жағдайын ойлап, оларда қанша қаражат барын сұрап, сол қаражатқа үйін жеңілдікпен берген. Үйдің құнын 6 000 000 теңге деп отырған имам, жас отбасыға 1 900 000 теңгеге беріп, жомарттық жасаған.
Жас отбасы ауыл имамына алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Аудан имамы Азамат Берікұлы Көпбосынов Асхаттың жомарттығын естіп, бүкіл аудан имамдарының алдында жомарттығы үшін алғысын білдірді.
Алла Тағала жомарттық жасағандардың амалдарын қабыл етіп, біздерді де жомарт жандардың қатарынан болуымызды баршамызға нәсіп етсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қзыметі