#Меркі ауданы: Ауыл тұрғындары имамға көлік сыйлады

#Меркі ауданы: Ауыл тұрғындары имамға көлік сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Ақарала ауылы тұрғындары ауылға қарасты «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінің имамы Құрамаев Бақтыбектің еңбегін бағалап, көлік мінгізді.

Ауыл ақсақалдары мен жастары қасиетті жұма күні мешіт имамын аяқ астынан қуантып, көлікті сыйға тартты. Ауыл ақсақалдары мен жастары имамның еңбегін ескеріп, алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізіп, имамның батасын алды.

Айта кетейік, Құрамаев Бақтыбек Ақарал ауылы «Сыпатай Әлібекұлы» мешітінің имамы қызметін 2014 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

Алла Тағала ауыл тұрғындарының ниеттерін, амалдарын қабыл етіп, сауаптардан жазғай!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: