#БАЙЗАҚ ХАЛҚЫ САЛАУАТ АЙТТЫ

#БАЙЗАҚ ХАЛҚЫ САЛАУАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Қасиетті жұма күні Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылдық «Тілеш қажы» мешітінің жамағаты мәуліт жырын тыңдап Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.

         Мәуліт жырын Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы қазақша-арапша оқып, мешітке жиналған жамағатқа «Салауат айтудың маңызы» тақырыбында насихат айтты.

         Насихат барысында Бақытбек Бауыржанұлы: ««Кімде-кім маған салауат айтса, Алла Тағала ол адамға он сауап жазады, он күнәсін өшіріп, жәннаттағы орнын он сатыға көтереді», деген. Бұл хадисте мынаны меңзейді: Мұсылман үмметінен кез келген адам  салауат айтып және сүннетінен қол үзбей Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатынас орнатуға тиіс. Кімде-кім салауат айтып Пайғамбарымызға жақындаса, Алла Тағала тарапынан оған осы амалына орай, он қайырым бұйырады, дәрежесі он сатыға көтеріледі. Расында аятта да: «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады»», - деп баяндалады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: