#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ

#БАЙЗАҚ ИМАМДАРЫ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты ауыл имам-молдалары салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты «Алмалы» демалыс орталығына барып, спортпен шұғылданып, доп теуіп қайтты.

Аудан бас имамы Қанат Әділханұлының бастамасымен, «Үшбұлақ» ауылдық мешітінің имамы Нұрлыбек Төлегеновтың ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға ауданымызға қарасты он шақты ауылдың имамдары қатысты.

Шара барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, оны рухани жақтан да тәрбиелейді», - дей келе, бұл спорттық шараны жүйелі түрде жалғастырып, басқа да ауылдардың имамдарын қамтуға шақырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: