#Байзақ: «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДА

#Байзақ: «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі, Жетібай елді мекенінде жалғызбасты анаға тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауызбіршіліктің арқасында жалғызтөбелік ағайын «Ел үлесі - пәтерге» жобасымен тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады. Аудан әкімдігі, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек тағы бір отбасын қуанышқа кенелткен сәтке куә болып, баспаналы болған Науаткүл Еспаеваны  құттықтады.

Айтулы шара қатысушылары жүрекжарды лебіздерін арнап, «Ел үлесі- пәтерге» жобасы аясында 691-баспананың сертификатын табыстаса, баспана иесі Науаткүл Малемхожақызы аналық алғысын жеткізді. Аталмыш жаңа баспананың салынуына ауылдық әкімдік, округтегі білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы мешіт қызметкерлері мен жамағаты және ауыл тұрғындарының қосқан үлестері зор. Ал, осы ауылдың атымтай жомарт кәсіпкерлерінің де дәстүрге айналған жобаға белсене атсалысқанын атап өткен орынды.

Жаңа баспананың лентасын облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жәпек пен Жалғызтөбе ауылдық округі ақсақалдары алқасының төрағасы Қалмахан Бекмаханбетов салтанатты түрде қиып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Көптің көмегімен салынған 3 бөлмелі үй жиһазбен, жылу жүйесімен, таза ауыз сумен, газбен қамтылғанын айта кетейік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: