Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Екпінді ауылдық «Рахымбай ата» мешітіне арнайы іс-сапармен барып жұма намазын өткізді.
Аудан имамы жұмаға жиналған халықпен амандасып, қал жағдайларын сұрасып, артынша жұма уағызын айтты. Уағыз «Ислам – әлемге түсірілген дін» тақырыбында өрбіді. Яғни, Ислам діні тек арабтарға ғана емес бүкіл адамзатқа түсірілген дін екенін атап өтіп, тақырыпты егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Уағыз соңынан жұма намазын жамағатпен оқып, артынша Елдің, Жердің амандығы үшін дұға жасады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі