#Байзақ: ОБЛЫСТЫҚ НАИБ ИМАМ ЖҰМА НАМАЗЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

#Байзақ: ОБЛЫСТЫҚ НАИБ ИМАМ ЖҰМА НАМАЗЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны – жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітіне арнайы келіп, «Ислам – әлемге  түсірілген дін» тақырыбында мешітке келуші жамағатқа насихат айтты.

Насихат барысында Ғалымбек Төлегенұлы: «Асыл дініміз  Ислам бүкіл адамзаттың бақыты үшін түсірілген дін. Алла Тағала қасиетті Құранның «Хұжұрат» сүресі, 13-аятында: «Уа, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден (яғни бір ата, бір анадан) өрбіттік. Өзара бір-бірлеріңмен (қарым-қатынас жасап) танысуларың үшін түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік. Алла алдындағы ең абыройлыларың – тақуа болғандарың. Шын мәнінде, Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар», – деп айтқан.

Адамзат баласын түрлі ұлт пен ұлыс етіп жаратуы – Алла Тағаланың хикметі. Әрбір ұлттың өзіндік ерешеліктері, тілдері мен салт-дәстүрінің айырмашылығы бар. Дін Ислам әрбір ұлт өзінің салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын сақтай отыра, Алла Тағаланың әмірлеріне бағынып, тыйыл дегендерінен тыйылуға шақырады. Өйткені бұл дін бүкіл адамзат үшін түсірілген. Сонымен қатар, Исламда дінді бір ұлт жекешелеп алуына, өзін ғана тура жолда санап өзгені кемсітуіне жол берілмейді», - деді

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: