Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Рахман» мешітінің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен, шәкірттер арасында «Иман және Ислам негіздерінен жарыс» өтті. Жарысқа аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен әжелер алқасы мүшелері қатысты.
Жарыста шәкірттер «Нұр» және «Аманат» топтарына бөлініп бақ сынасты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Сынақтан өткен «Нұр» тобын марапаттап, «Аманат» тобына рахмет айтылды. Екі топқада сыйлықтар берілді.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі