ДАУЫСТАП ЖОҚТАУ АЙТУ ДҰРЫС ПА?

ДАУЫСТАП ЖОҚТАУ АЙТУ ДҰРЫС ПА?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кісі қайтыс болған үйдің жақындары  қайтқан туысы үшін қайғырып жылайтындығы белгілі. Көздегі жас еріксіз сыртқа шығатын болғандықтан оны тежеп ұстау мүмкін емес. Демек, жылау адамның табиғи болмысынан.

Жылау мен жоқтау екеуі екі бөлек нәрсе, жылау ол жоғарыда айтылғандай еріксіз көзге келген жас болса, ал жоқтау жасандылық пен жалған сөз арқылы көпшілікті өзіне қарату болып табылыды.

Қазақ халқының санасында адам өлсе жоқтау айту керек деген ұғым қалыптасқан. Пайғамбарымыз (с.а.с) - былай дейді: "Мәйіт тірілердің дауыстап жоқтау айту себебінен азапталады."

Мәйітке неге ауыр тиеді? неге азап тартады деген сұраққа мына бір хадис дәлел болмақ. "Ей, асқар тауым. Ей, адамдардың төресі" - дейтін болса, екі періште келіп: "Сен расында да сондайсың ба?" - деп мәйіттің көкірегінен соғады екен. Яғни адамның тірі кезінде істемеген ісін істеді, айтпаған сөзді айтты деу ауыр сөздерден екен.

Бірде Расулуллаһ (с.у.с) Саъд ибн Әбу Уаққас және Абдолла ибн Масъуд пен бірге хал үстінде жатқан Саъд ибн Ъубайдулланың көңілін сұрап барған уақытта жылады.  Сол кезде Расулуллаһ (с.а.с): "Сендер тыңдап тұрсыңдар ма? Расында, Алла Тағала көзден шыққан жастың немесе жүректің күйініші себебінен азаптамайды. Алайда, мынаның себебінен азаптайды" - деп тілін көрсетті. Демек адам жылап немесе қайғырып жатқан сәтінде тіліне ие болғаны дұрыс. Адамдардың көбі жоқтап жылағанда Алла Тағалаға неге деген сұрақтарды қою арқылы ренішін білдіріп жатады. Оны алғанша мені неге алмадың?! неге менің баламды алдың деген тәрізді сөздер. Алланың қалауына қарсы шығу хателік.  Құдай қаласа бала береді, қаласа ала береді.

Ислам діні шынайылыққа негізделген  дін болғандықтан әр - бір амалымыз шынайы болғаны дұрыс. Бақилық болған кісінің соңынан Алла Рахымыңа ал! Өзің разы болған құлдардан етегөр деген дұғаларымызды айтқанымыз жақсырақ.

Рысбай Асылбек

"Мойынқұм" мешітінің имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: