ҚОСЫДАН ШЫҚҚАН АРҒЫНБАЙ

ҚОСЫДАН ШЫҚҚАН АРҒЫНБАЙ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл  мақаланы жазу мен үшін бір ғанибет. Алланың қалауымен осы бір Арғынбай ағаны Алланың шын сүйген құлы деп білемін. Арғынбай Бекболсынұлының өмір тарихын айтар болсам, 1937 жылы Жамбыл облысы Байзақ  ауданы  Қарасу  ауылында  дүниеге  келген.   

Сол  Қарасу ауылында  бастауыш сыныбын оқып кейін Түймекент орта мектебінде білімін жалғастырды. Одан әрі Абай атындағы Жамбыл педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, 1957 жылы бітірді. Міне осылай Арекеңнің өмір жолында білім алу сатысы жоғарылай берді. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «Журналист» мамандығын алды. 1967 жылы «Қазақ» радиосының Оңтүстіктегі меншікті тілшісі қызметін  атқарды.

Арғынбай ағамыздың өмір жолында талай-талай керемет еңбектері артында қалған ұрпақтарына үлкен мұра болып қалды. Арекеңнің Шығыс шайыры Омархаямның «Рубаяттарының» аудармасын халқымыз сүйіп  оқуды және өзінің жазған «Төрт- тағандары» оқыған адамға керемет ой салады. Оқырман қауымдарының «Фанилік драмма», «Заманалар жаңғырығы», «Медаль за город Будапешт» және Америкаға барғандағы  «Жеті қарақшысы жоқ аспан» деген кітаптарын оқуға болады.

Ал енді өз ауылына деген қызметі, көмегі өте көп. Бұрынғы Қарасу ауылы, қазіргі «Қосы батыр» – туған ауылы. Осы ауылдың тұрмыс тіршілігіне араласып, рухани байлығымыз дін саласына көп көңіл бөлген. 1991 жылы ауылымыздан шыққан Сапаралыұлы Мырзабек марқұмның өз қаражатымен тұрғызылған «Қосы батыр» мешітіне де көп үлес қосты. Мешіт жанынан Қосы-батыр ескерткішін тұрғызу барысында Арекеңнің ақыл кеңесі берілді. Ауылымызда сол кездері болған іс-шараға қатысып, салынған мешіттің орнын белгілеп берген осы Арғынбай Бекбосынұлы еді. Жастарды еңбекқорлыққа және білім алуға талпындыратын Арекең «Ең бірінші Алланы еске алып жүріңдер» деуші еді.

Уақыт Алланікі тоқтамайды,

Еске алдым бір азырақ өткен жайды.

Әруағы ырза болсын ағамыздың,

Оқып қоям Құраннан Фатиханы.

Нұртілеу Тұрлыбаев 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Қосы батыр ауылдық

«Қосы батыр» мешітінің  имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: