Бұл қасиеттің болмауы сіздің жүрегіңізді өлтіруі мүмкін

Бұл қасиеттің болмауы сіздің жүрегіңізді өлтіруі мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көпшілігімізге Пайғамбарымыздың (ﷺ)  төменде келтірілген хадисі жақсы таныс:

«Әр діннің өз ерекшелігі бар, Ислам дінінің ерекшелігі қарпайымдылық болып табылады» (Бұхари).

Қарапайымдылық дегеніміз не? Адам өзін қолында ұстап, орынды, ұстамды, байсалды болуы. Қарапайымдылық - ұятсыздық, менменшілдік пен орынсыздыққа қарама-қарсы қасиет.

Діни көзқарас турасынан қарапайымдылықтың астарында құштарлықты ауыздықтау, Алланың қалауына көну, қажеттіліктердегі орындылық – ысырапшылдық пен қанағатсыздықтан бас тарту жатыр.

Ал басқа бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ) адамның жүрегіндегі иман мен оның ұяттылығын байланыстырған.

Сондай-ақ, Омар ибн Хаттаб (р.а.) былай айтқан: «Кімде-кімнің ұяты азайса, оның тақуалығы азаяды, ал тақуалығы азайса, оның жүрегінің өлгені» (Ибн Аби Дуния "Макарим әл-Ахляк» кітабында).

Өкінішке орай, қазіргі заман адамдарының жүрегіндегі сыпайылық пен ұяттылықтың азайып бара жатқанын көрудеміз. Ал жүгенсіздік, ұятсыздық пен бассыздық керісінше кең етек алып бара жатыр. Адамзат баласы дәстүрлі түрде күнә деп санап, сынға алып келген дүниелер кәдімгі нәрсеге айналған.

Сонымен, қарапайымдылық ұғымына тағы да нені жатқызуға келеді?

1) Көз ұяттылығы біз қарайтын нәрсенің бәріне қатысты.

Қазіргі кездегі ақпараттардың басым көпшілігін біз көз арқылы қабылдаймыз – бәріміз де теледидар қараймыз, ғаламторды қолданамыз. Осы ақпаратар көздері арқылы біздің үйлерімізге әдепсіздіктер кіреді, адамгершілік құндылықтары көптеп бұрмаланады – күнә ізгілік болса, сыпайылық кемшілік болып көрсетіледі. Сол себепті көзбен көрген дүниелердің бәрін қабылдап, сене беруге болмайды, ұятты нәрселерден көзді сақтау қажет. Бұл жөнінде Құранда былай айтылған:

«(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын...» (24:30-31).

2) Тіл ұяттылығы

Жақын таныс-туыстардың арасында отырып көбіне біз сыпайылық, қарапайымдылық деген қасиеттерді ұмытып кете беретініміз рас. Әдепсіз, ерсі әзіл-қалжыңдар мен күлкілі әңгімелер айтамыз.

Сондай-ақ, көпшілігіміз өсек-аяң, ғайбатқа беріліп, тіл күнәсін қалай жасап қойғанымызды аңғармай жатамыз. Сондықтан тілімізге ие болып, ұяттылық пен сыпайылық жөнінде есімізден шығармағанымыз жөн.

Хадисте былай айтылған:

«Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, жақсы нәрсе айтсын немесе үндемесін» (Бұхари мен Мүслим).

3) Басқа адамдармен қарым-қатынастағы мінез-құлық ұяттылығы

Бұл жерде басқа адамдармен қарым-қатынасымыз туралы айтылады – тіпті көңіл-күйіміз болмаса да біз өзімізді қолымызда ұстай аламыз ба? Дөрекі, ашуланшақ боламыз ба? Басқа адамға қатысты сабырсыздық пен құрметсіздік танытамыз ба?

Аталған қасиеттердің бәрі де жүрегінде тақуалық пен ұяттылығы бар мүмін адамға лайық емес екенін түсіну қиын емес.

Құранда былай айтылған:

«Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді» (25: 63).

Хадистердің бірінде былай айтылған:

«Қиямет күні таразыға салынып әрі ауыр тартатын ең жақсы амал – жақсы мінез» (Әбу Дәуд пен Тирмизи).

4) Достар таңдаудағы ұяттылық.

Қарапайым да тақуа адам өзіне ұқсас адамдармен достасуға тырысып, ал өздерін жүгеніз ұстайтын жандардан бойын аулақ салады, өйткені ондай адамдардың қасында ол өзін жайсыз әрі қолайсыз сезінетін болады.

Хадисте былай айтылған: «Ақиқатында, адам өз досының дінінде болады, сондықтан әркім де кіммен дос болып жүргеніне көңіл қойсын» (Ахмад, Әбу Дәуд, Тирмизи).

Адамның маңайындағы адамдар оған қатты ықпал ететінін ескеретін болсақ, кіммен араласып, кіммен дос болып жүргенімізге және айналамызда жүрген адамдардың кім екеніне мұқият болуымыз қажет.

5) Біз баратын жерлерге қатысты ұяттылық

Жоғарыда айтылғандардың бәрі біздің қандай орындарға барып, қандай жерлерде уақыт өкізетінімізге де қатысы бар. Тақуа адам ешқашан жеңілтек әрі жүгенсіз адамдармен бірге барларға, ойын-сауық үйлеріне, түнгі клубтарға бармайды. Керісінше, олар тақуа адамдардың үйлеріне қонаққа баруды, мешіттерге баруды, асыл дініміз туралы пайдалы ақпараттар алуға болатын ислам ғалымдарының дәрістері мен уағыздарын тыңдауға баруды қалайды.

6) Жасап жүрген амалдарымызға қатысты ұяттылық

Ақыр соңында, ұяттылықтың ең жоғары көрінісі күнә жасаудан, Алланың қаһарынан қорқып, Оның тыйғандарынан тыйылу. Адамның жүрегінде шынайылық пен тақуалық артқан сайын, ол Алланың тыйғандарынан тыйылады, тіпті күмәнді деген амалдардан да бойын аулақ салуға тырысады.

Алла Тағала нағыз шынайылыққа беріліп, Оның алдында ұяттылыққа қол жеткізіп, Оның тақуа да сенімді құлы болуды бізге нәсіп етсін. Әмин!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: