Ислам бойынша табысты сауда-саттық жүргізу қағидалары

Ислам бойынша табысты сауда-саттық жүргізу қағидалары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісі (ﷺ) мүміндерді сауда-саттықты адал жүргізуге үндеген. Ол былай айтатын: «Адал да парасатты саудагер Жұмақта пайғамбарлармен, тақуалар және шахидтермен бірге болады» (Тирмизи).

Батыс Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия сияқты қазіргі мұсылман әлемінің бірқатар аймақтары мұсылман саудагерлерімен сауда-саттық жасау арқасында ислам дінін қабылдаған. Егер сауда-саттық жоғары мемлект деңгейінде жүргізілсе, алдымен билеушілер, олардың соңын ала бүкіл халық исламды қабылдап отырған.

Ислам діні Африканың шығысына біздің дәуіріміздің Х ғасырында мұсылман саудагерлерімен таралып, келесі ғасырларда біртіндеп дамып отырған.

Саудадағы адалдық ислам дінінің таралуындағы бастапқы да маңызды рөл атқарған. Шүбәсіз, адамзат тарихындағы ең адал әрі әділ саудагер – Алла Елшісі Мұхаммед бин Абдулла (ﷺ).

Пайғамбарымыздың (ﷺ) әкесі ол дүниеге келмей тұрып көз жұмса, ал анасы оның алты жасында бақилық болады, осылайша адамзаттың асылы (ﷺ) кішкене күнінен жетім өскені белгілі.  

Анасы қайтыс болған соң Пайғамбарымыз (ﷺ) атасының қолында, ал атасы қайтыс болғанда ағасы Әбу Тәліптің тәрбиесінде қалады. Осылайша, ол жас кезінен бастап өздігінен күн көру қамымен айналысуды бастайды.  

Іс жүзінде Пайғамбарымыз (ﷺ) тек қана ақыл-парасатының арқасында емес, сондай-ақ, көркем мінез-құлқының арқасында да аса іскер саудагер болып шығады.   Ол былай айтқан: «Ихсан – Алланы көріп тұрғандай Оған шынайы түрде құлшылық ету, тіпті сен Оны көрмесең де, асылында, Ол сені көреді» (Бұхари, Мүслим).

Имам әл-Бұхари келтірген бір хадисте былай айтылған: «Алла Елшісі (ﷺ) менен тауар сатып алып былай жазып қойған: «Бұл – Алла Елшісі Мұхаммедтің Адда ибн Халидтен сатып алғандары. Алдау-арбаусыз кемістіктерін көрсете отырып тауардың бір мұсылманнан екінші бір мұсылманға тапсырылуы» (Бұхари).

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан: «Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы» (4:58).

Меккеліктер Пайғамбарымызға (ﷺ) асқан сеніммен қараған. Ақшасы немесе құнды мүліктері жоғалып не ұрланып қалар деп қорыққан адамдар дүниелерін сақтауға Алла Елшісіне (ﷺ) беріп қоятын болған. Ал өз кезегінде, Пайғамбарымыз (ﷺ) аманатқа берілген дүниелердің бір тиынын да қалдырмай қайтарып беріп отырған.

Кейін келе осы адамдар Пайғамбарымызға (ﷺ) көп зияндарын тигізеді, сол себепті Алла Елшісі (ﷺ) Медине қаласына көшуге мәжбүр болады, бірақ осындай жағдайда көшіп бара жатқанның өзінде Алла Елшісі (ﷺ) оған сеніп тапсырған адамдардың дүниелерін қайтадан қайтарып беруі үшін Әли бин Әбу Тәліпке тапсырып кетеді.

Ал Әли оған қалдырылған аманаттың бәрін иелеріне толықтай қайтарып бергенін айта кеткен жөн. Алла Елшісіне (ﷺ) құндылықтарын тапсырып жүрген меккеліктердің басым көпшілігі оған зұлымдық жасағандар болатын, алайда соған қарамастан Пайғамбарымыз (ﷺ) олардың алдындағы өз міндеттерін мүлтіксіз орындайтын болған.

Қазіргі заманда да өз істеріне адал қарайтын мұсылман-кәсіпкерлер көптеп кездеседі. Сөзсіз, адамзаттың ашкөздік, пайдақорлық сияқты жаман қасиеттердің құлына айналып кетпеуі үшін мұсылмандар мен мұсылмандардың арасындағы, әсіресе, мұсылмандар мен мұсылман еместердің арасындағы сауда-саттыққа мәртебелі Пайғамбарымыздың (ﷺ) көркем үлгісін қайтару таптырмас жақсы амал болар еді...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: