Әй, мұсылман бауырым! Алланың саған әзірлеген сый-сияпаты – Алланың кеңшілігінен мақрұм қалма!
- Осы дүниеде және ақыретте Алланың қорғауында, қарамағында боласың.
عن أبو زر رضي الله عنه عن النبي صلي الله عليه و سلم قال من صلي الصبح فهو في ذمة الله
Әбу Зар (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай айтқанын жеткізеді: «Кімде-кім таң намазын (жамағатпен) оқыса, ол Алланың қорғауында болады».1
- Тозақтың отынан құтыласың
عمارة بن رويبة رضي الله عنه قال سمعت رسول الله صلي الله عليه و سلم يقول لن يلج النار احد صلي قبل طلوع الشمس و قبل غروبها يعني الفجر والعصر
Амарһ ибн Руайбһ (р.а) айтады. Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естідім «Күннің шығуынан және оның батуынан бұрын намаз оқыған адам тозаққа кірмейді».2
- 3. Жәннатқа кіруге себеп болады
أبو موسي الاشعري رضي الله عنه ان النبي صلي الله عليه و سلم قال من صلي البردين دخل الجنة
Әбу Муса әл-Ашғари (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім әл-бардайынды (таң мен асыр намазын) оқыса жәннатқа кіреді».3
- 4. Түнімен құлшылық қылғанның сауабы беріледі
عثمان بن عفان رضي الله عنه ان النبي صلي الله عليه و سلم قال من صلي العشاء في جماعة فكأنما قام نصف الليل و من صلي الصبح في جماعة فكأنما صلي الليل كله
Осман ибн Аффан(р.а)Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізеді. «Кімде-кім құптан намазын (мешітте) жамағатпен оқыса, ол түннің жартысын намазбен өткізгендей болады және кімде-кім таң намазын (мешітте) жамағатпен оқыса, түнді түгел дей намазбен өткізгендей болады».4
- 5. Екі жүзділіктен аулақ боласың
عن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : إن أثقل الصلاة على المنافقين العشاء والفجر، ولو يعلمون ما فيهما لأتوهما ولو حبواً، ولقد هممت أن آمر بالصلاة فتقام ثم آمر رجلاً فيصلي بالناس، ثم أنطلق معي برجال معهم حزم من حطب إلى قوم لا يشهدون الصلاة فأحرق عليهم بيوتهم بالنار
Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Мұнафықтарға ең ауыр намаз – құптан мен таң намазы. Егер бұл екі намазда қандай сауап барлығын білгенде еді, еңбектеп болса да келер еді. Мен намазға бұйырып оған азан айтылуын, сосын бір кісіге бұйырып, оның адамдарға намаз оқып беруін, сосын отын көтерген адамдармен намазға келмеген адамдардың артынан барып, олардың үйлерін өртеп жіберуін қаладым», — деген.5
- 6. Қиямет күнінде жүзің нұрлы болады
سهل بن سعد الساعدي رضي الله عنه ان النبي صلى الله عليه وسلم قال: بشر المشائين في الظلم الي المساجد بالنور التام يوم القيامة
Саһл ибн Сағд әс-Сағди (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Қараңғы басып тұрғанда (таң намазының уақытында) мешітке барушыларды қиямет күнінде толық нұрмен сүйіншілеңдер».6
- Намазыңа періштелер куәлік береді
عن أبي هريرة رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم يتعاقبون فيكم ملائكة بالليل و ملائكة بالنهار و يجتمعون في صلاة الصبح و صلاة العصر ثم يعرج الذين باتوا فيكم فيسألهم الله و هو أعلم بهم: كيف تركتم عبادي؟ فيقولون: تركناهم وهم يصلون و أتيناهم و هم يصلون
Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткен, Пайғамбар (с.ғ.с):«Сендерге түнде бір періштелер, күндіз бір періштелер алмасып келіп тұрады. Олар таң намазы мен аср намазында жиналып, сосын сендермен түнде бірге болғандар көкке көтеріледі. Сонда Алла олардан жақсы біліп тұрса да: «Пенделерімді қандай жағдайда тастап келдіңдер?» – деп сұрайды. Ал олар: «Біз оларды намаз оқып жатқандарында тастап келдік, сондай-ақ, олар біз оларға барғанымызда да намаз оқып жатыр еді», – деседі».7
- Жәннатта ерекше сый-сияпатқа ие боласың
عن أبي هريرة رضي الله عنه ان النبي صلى الله عليه وسلم قال: من غدا الي المسجد او راح أعد الله له في الجنة نزلا كلما غدا او راح
Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Кімде-кім (намаз оқу үшін) таң ертең және кешке мешітке барып тұрса, Алла Тағала оған әр барып-келгені үшін жәннатта ерекше сый-сияпат әзірлейді,» – деп айтты.8
- Жәннатта Алланың дидарын көру мүмкіншілігіне ие боласың
عن جريربن عبد الله البجلي رضي الله عنه قال: كنا عند النبي صلى الله عليه وسلم فنظر الي القمر ليلة البدر فقال: انكم سترون ربكم كما ترون هذا القمر لا تضامون في رؤيته فان استطعتم أن لا تغلبوا علي صلاة قبل طلوع الشمس و قبل غروبها فافعلوا
Жәрир ибн Абдуллаһ әл-Бәжәли (р.а) «Ай толған түні Аллаһ елшісімен (с.ғ.с.) бірге болған едік. Сонда ол толған айға қарап тұрып: «Жұмаққа кіргенде, мына айды қазір қалай көріп тұрсаңдар, Раббыларыңды да дәл солай сығылысып бір-біріңе кедергі жасамастан анық көретін боласыңдар, сондықтан күн шықпай тұрып және батпай тұрып үзбей намаз оқуға(таң мен асыр намаз) шамаларың келсе, міндетті түрде оқыңдар,» – деп айтты.9
- Осы дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен хайырлы іске ие боласың
عائشة - رضي الله عنها -: أن النبي - صلى الله عليه وسلم - قال: ركعتا الفجر خير من الدنيا وما فيها
Айша анамыз (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Таң намазының алдындағы екі ракағат сүннеті осы дүниеден және оның ішіндегі барлық нәрседен хайырлы» – дейді.10
Мүслим 657
- Мүслим мәсәжид 213
- Бухари 574 Мүслим 635
- Мүслим мәсәжид 260
- Бухари 657 Муслим 651
- Сунан ибн Мәжә 781
- Бухари муәқит 16 Муслим мәсәжид 210
- Бухари әзән 37 Муслим мәсәжид 285
- Бухари мәуақит 16 Муслим мәсәжид 211
- Муслим 725
Бахтияр АМИРЕЕВ,
Араб тілінен аударған «Бегалы ата» мешітінің ұстазы