ҚАЖЫЛЫҚ-2023: АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ ӘЗІРЛЕНДІ (ВИДЕО)

ҚАЖЫЛЫҚ-2023: АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ ӘЗІРЛЕНДІ (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы қажылық маусымына қатысты арнайы репортаж әзірленді.

Бейнематериалда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясының 5 бағыт бойынша (уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру, пәтуа беру, ақпарат тарату) атқарған жұмыстары баяндалады. Сонымен қатар отандастарымыздың қажылық сапарынан алған әсерлері берілген. Репортажды әзірлеген шығармашылық топ қажылық сапарын қаз-қалпында беруге тырысқан. Сонымен қатар ұлы сапар барысында болған ғибратты оқиғаларға назар аударған. Бейнематериал шынайылығымен әсерлі.

Айта кетсек, биыл елімізден 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Отандастарымызбен бірге ұлы сапарға барған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қажылық миссиясының жұмысына серпін беріп, қасиетті мекенде қажыларға уағыз айтып, ел игілігі үшін арнайы дұға жасады.   

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: