Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Munara TV» телеарнасы «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында республикалық бейнероликтер байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты – қоғамды ізгілендіру, ұлттық тәрбие мен салт-санамызды көрсететін бейнероликтер түсіру. Дайын жұмыстарды қабылдау уақыты 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталып қазан айының 10-на дейін жалғасады.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы тәрбие мен тағылымын көрсету;
Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттау;
ҚМДБ-ның «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясындағы жұмыстарға басымдық беру;
Қоғамды ізгілендіру, ата өсиеті мен әжелер мектебін жаңғырту жайында роликтер түсіру;
Байқауға қатысушылар жоғарыдағы тақырыптар аясынан өздері қалаған тақырып бойынша ізгілікті насихаттайтын бір немесе екі бейне ролик ұсына алады;
Еңбектер «Ізгі қоғам» жылына деген белгімен қабылданады;
Байқауға қатысушылар ішіне өздері жайлы мәлімет (аты-жөні, телефон нөмірі, мекен-жайы) қосып, жұмыстарын munara.tv@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.
Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, жұмыстар екі тілде де қабылданады.
Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған роликтер қабылданады;
Жұмыстар 1920х1080;
16/9 формат;
-6 дб дыбыс;
25 кадр форматы түрінде 5-7 минут аралығында болуы тиіс.
Бейнероликтерді қабылдау 2023 жылдың 1 қыркүйегінде басталып 2023 жылдың 15 қазанында аяқталады.
Байқау жеңімпаздарын елге белгілі тележурналстер, «Munara TV» жанындағы Көркемдік кеңес мүшелерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздар 25 қазан – Республика күніне орай (нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.
Жеңімпаз авторлардың еңбектері республикалық «Munara TV» телеарнасынан көрсетіледі.
Бірінші орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге
Екінші орын – 200 мың (екі жүз мың) теңге
Үшінші орын – 150 мың (жүз елу мың) теңге
Бұдан бөлек 2 адамға ынталандыру сыйлығы (50 мың теңгеден) беріледі.