#Меркі ауданы: «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

#Меркі ауданы: «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оқу жылы басталысымен ата-аналар балаларын оқу жылына дайындап, мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешек ала бастайды. Алла Тағаланың хикметімен пенделердің бірі бай болса, енді бірі қарапайым отбасылық ғұмыр кешеді.

Қымбатшылық орнаған заманда бір баланы оқу жылына дайындау үшін 100 000 теңгенің көлемінде қаражат қажет. Көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға және қарапайым отбасыларға бұл қаражат ауыр тиері сөзсіз.

Кейде қаражат таппай, қиын жағдайға тап болған отбасылар мешітке қайырылып, жағдайын айтып, көмек сұрап келеді. Мешіт қызметкерлері қолдарынан келген көмегін беріп, шығарып салады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің имамы Азамат Берікұлы бастаған мешіт ұжымы мешітке көмек сұрап келген отбасыларға мектепке қажетті киім-кешек пен қаржылай көмек көрсетуде.

Бүгінгі таңда, 15 отбасыға 250 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Және Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде білім алып жатқан шәкіртке қаржылай көмек көрсетілді.

Алла Тағала мешіт қызметкерлерінің істеп жатқан амалдарын қабыл етіп, сауаптан жазғай!

Елімізден, жерімізден білімді азаматтарымыз шыға бергей!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: