#Байзақ: 4-АЙМАҚ МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: 4-АЙМАҚ МЕШІТТЕРІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» НАУҚАНЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты 4-ші  аймаққа қарасты ауыл мешіттері «метепке жол» науқанын өткізді.

Атап айтар болсақ, Кеңес ауылдық «Кеңес» мешіті 10 оқушыға 20 000 теңгеден ақшалай жәрдемдесіп, Сарыбарақ ауылы «Темірбек баба» мешіті 4 оқушыны 41 000 теңге көлемінде сөмке және мектепке керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Аққия ауылдық «Аққия» мешіті 5 оқушыны 30 000 теңге көлемінде сөмке және мектепке керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешіті 250 000 теңгенің көлемінде 25 оқушыға мектепке керекті сөмке және оқу құралдары үйлестіріп берді. Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешіті 25 000 теңге көлемінде 5 оқушыға сөмке және мектепке керекті құрал-жабдықтар алынып берілді. Жалпы алғанда 4-ші аймаққа қарасты мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 49 оқушыға 546 000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Ауыл имамдары әр отбасының жағдайымен танысып, олардың балаларын қуандырып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.  Осы шараны ұйымдастырушыларға ата-аналар және мектеп мұғалімдері алғыстарын білдірді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: