#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ҚҰРАЛ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ҚҰРАЛ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас станциясы «Құрал қажы» мешітінде Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Қанат Әділханұлы: «Алла Тағаланың адамзат баласына берген ерекшеліктерінің бірі – сөйлеу нығметі. Адам сөйлеу арқылы ішіндегі сезімдері мен ойын екінші бір кісіге жеткізеді. Өзіне берілген осы нығмет үшін пенде атаулы Жаратушысына шүкір етіп, дұрыс сөз сөйлеп, күнәлі сөздерді айтудан сақтануы қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресі, 70-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер», – деп бұйырған. 

Асыл дінімізде дұрыс сөз сөйлеуді бұйырудағы мақсат – қоғамдық өмірдегі бірлікті, адамдар арасындағы жылылық қарым-қатынасты сақтау. Қандай да бір қоғамда өсек, өтірік, жала жабу сияқты тіл кесапаттары көбейсе, адамдар арасында сенімділік жоғалып, берекетсіздік орын алады. Сондықтан да Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын әрдайым тілге ие болуға ерекше мән беруге шақыратын. Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты  мен сәлемі болсын) хадисінде: «Мұсылман – өзге біреуге қолымен және тілімен зиян тигізбеген адам», – деп «Тілдің кесапаттары» жайында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: