#Байзақ: «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 674-БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

#Байзақ: «ЕЛ ҮЛЕСІ – ПӘТЕРГЕ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 674-БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Диқан ауылдық округі әкімі Абдуалиев Жұман Әуесбекұлының ұйымдастыруымен, ауылдық «Диқан» мешітінің имамы Алашбаев Досмырзаның, мешіт жамағаты мен ауыл тұрғындарының ат салысуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж отбасы Алиевтер жанұясына пәтер кілті табысталды. Айтулы қайырымдылық іс-шараға «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы «құтты болсын» айта келді. Отағасы Алиев Жұмабек елге ризашылығын білдірді.

Қазақстан мұсылмандары «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен, Республика бойынша тұрғындар мен демеушілердің көмегімен тұрғызылып, қолданысқа берілген бұл 674-баспана болды.

Аудан имамы Қанат Әділханұлы баспаналы болған отбасыға өз батасын берді. Ауылдық мешіттің имамы Алашбаев Досмырза жаңа үйге жаңа екі кілемді сыйға тартты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: