Әркім өз пиғылына жараса жаза тартуда

Әркім өз пиғылына жараса жаза тартуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Аллаһу та’аланың файздары (нұрлары), ниғметтері, ихсандары (сыйлары), яғни жақсылықтары әр сәтте адамзаттың жақсысына да, жаманына да, бәріне келуде. Әркімге мал-мүлік, бала-шаға, ризық, хидаят, дұрыс жол және басқа да барлық жақсылықтарды ешкімді ажыратпай жіберуде.

(Пенделерінің күпірліктерін, күнәларын бетіне басып жатқан жоқ. Оған қарсы шыққандардың, иман келтірмегендердің, күнә істегендердің ризықтарын тоқтатқан жоқ. Дүниелік үшін жұмыс істегендердің өтемін ешкімді ажыратпастан беріп жатыр.)

Айырмашылық – бұларды қабылдауда, ала білуде және кейбірлерін ала алмауы жолымен, адамдарда.

(Аллаһу та’ала пенделеріне зұлымдық жасамайды, әділетсіздік жасамайды. Олар өздерін азапқа, қиыншылықтарға жетелейтін қате ойларымен, жаман істерімен өз-өздеріне зұлымдық пен азап беріп жатыр.)

Күн, әрі киім жуған адамға, әрі сол киімнің өзіне де, бірдей жарқырайды, алайда адамның бетін қарайтады, ал киімдерді ағартады.

(Осы сияқты, алмаға да, қызыл бұрышқа да бірдей жарығын берген болса да, алманы қызартқанда тәтті қылады, қызыл бұрышты қызартқанда ащы қылады. Тәттілік пен ащылықтың екеуі де күннің жарығынан пайда болса да, араларындағы айырмашылық күнде емес, өздерінде. Аллаһу та’ала барша адамзатқа мейірімді, тіпті ананың баласына деген мейірімінен де қатты жаны ашығандықтан әлемнің барлық жағындағы әр адамның, әр жанұяның, әр қоғам мен ұлттың, әр уақытта және әр істерінде қалай әрекет етуі керек болатынын, дүние мен ахиретте рахат өмір сүруі және мәңгі бақытқа қауышулары үшін, істерін қай жолда жүргізу керектігін және нелерден сақтану керектігін Ислам дінін жіберу арқылы білдірді.)

Адамдардың Аллаһу та’аладан келген ниғметтерге қол жеткізе алмаулары Одан бетін бұрғандықтан. Бет бұрған адам әрине ештеңе ала алмайды. Беті жабық ыдыс жаңбыр суына әрине толмайды. Иә, бет бұрған көптеген адамның ниғметтер арасында өмір сүргенін көріп, ештеңеден мақрұм қалмады деген ой туындап жатқан болса да, оларда ниғмет болып көрінген нәрселер, ақиқатында азап және пәлекет тұқымдары. Истидраж ретінде, яғни Аллаһу та’аланың оларды алдап, ниғмет қылып көрсетіп қойған азаптары. Олар сол адамдардың құрып кетуі және одан сайын адасып кетулері үшін берілуде. Мү’минун сүресінің елу алтыншы аятында:

«Кәпірлер, мал-мүлік және көп бала-шаға сияқты дүниеліктер бергеніміз үшін, оларға жақсылық жасап жатырмыз, жәрдем беріп жатырмыз деп санайды. Пайғамбарыма сенбегендіктері және Ислам дінін ұнатпағандықтары үшін сый-сияпат беріп жатырмыз, дейді. Жоқ, олай емес. Олар алданып жатыр. Бұлардың ниғмет емес, азап екенін олар түсінбейді» делінген. Олай болса, Хақ та’аладан бет бұрғандарға берілген дүниеліктердің бәрі құрып кетушілік, пәлекет болып табылады. (Бұл қант диабетімен ауыратын адамға берілген тәтті тағамдар, кәмпиттер, халуаларға ұқсайды. Сырттан қарағанда сияпат болып көрінген бұл азықтар ауруды ертерек өлуіне жетелейді) Аллаһу та’ала бізді осындай болудан сақтасын! (1 том, 164 хат)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: