Асыра сілтеудің барлық түрі зиянды

Асыра сілтеудің барлық түрі зиянды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ифрат пен тәфриттің екеуі де жаман. Хақ болғаны орта жол. Қазақ тілінде ифрат пен тәфриттің дәл мағынасын беретін сөз жоқ. Анықтамалармен, мысалдармен түсіндіруге болады. Тым асыра сілтеушілік деуге болады. Тәфрит – ифраттың терісі. Ифрат – шамадан көп, шектен асыру, ал тәфрит – шамадан аз, тым азайту деген сөз.

Әр істе ифрат пен тәфриттен, яғни асыра сілтеуден ұзақ болу және уасат, яғни орта жолды ұстану керек. Дініміз асыра сілтеуден ұзақ болуды, орта жолды ұстануды әмір етеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ифрат пен тәфриттен ұзақ болыңдар.» (Бұхари)

«Тым асыра сілтеген адам құриды.» (Мүслим)

«Істердің ең жақсысы – уасат (орта жолда) болғаны.» (Дәйләми, Бәйһақи)

«Дін – жеңілдік. Уасаттан айрылып, шамадан асқан адамды дін жеңеді.» (Нәсаи)

«Ифрат пен тәфриттен ұзақ жүр, уасатты таңда. Себебі істердің ең қайырлысы – орта болғаны.» (Бәйһақи)

«Байлықта, кедейлікте орта жолды жақсы ұстанбаған адам, құлшылықта да орта жолды жақсы ұстана алмайды.» (Бәззар)

«Дұрыс жолда болыңдар, орта жолды ұстаныңдар!» (Бұхари)

«Барлық жағдайда орта жолды ұстану – пайғамбарлардың жиырма бестен бір бөлігі.» (Тирмизи)

«Орта жолды ұстаныңдар, бағыттан айрылмаңдар!» (Мүслим)

«Ілім амалдан абзал. Амалдың абзалы – орта жолда болу. Аллаһу та’аланың діні ифрат пен тәфрит арасында. Екеуінің арасы сырати мүстақим, яғни тура жол.» (Бәйһақи)

Демек, уасат – ифрат пен тәфриттен, яғни асыра сілтеуден ұзақ болу деген сөз. Ислам діні уасат дін. Құран кәрімде былай делінген:

«Сендерді уасат болған үмбет қылдық.» (Бақара 143)

Жақсылық – дәлме-дәл орта жол деген сөз. Уасаттан ілгері немесе кері болу немесе ортаның оңында, солында болу – жақсылықтан айрылу болады. Ортадан неғұрлым ұзақ болса, жақсылығы соғұрлым азаяды. Хақ болған жол біреу. Ал адасқан, қате жолдар көп. Орта жол деген кезде екі нәрсе аңғарылады: Бір нәрсенің дәл ортасы. Екіншісі, салыстырмалы шамада ортада болу деген сөз. Яғни бір белгілі нәрсенің ортасы. Ол нәрсенің ортасы болғаны үшін, барлық нәрсенің ортасы болуы қажет емес. Ахлақ ілімінде қолданылатыны – осы екінші орта. Сондықтан жақсы мінез әркім үшін әртүрлі болады. Тіпті заман мен орнына қарай өзгереді. Бір адамда жақсы болған жақсы мінез, басқасында жақсы болмауы мүмкін. Бір замандары жақсы деп есептелген мінез, басқа уақытта жақсы болмауы мүмкін. Ендеше жақсы мінез – дәл ортада болу емес, орта шамада болу деген сөз. Жаман мінез де осы орта шаманың екі жағына айрылу деген сөз. Жақсы мінездердің бәрі уасати, яғни орта шамада. Әрқайсының ифраты және тәфриті жеке-жеке жаман мінез болады. (Ахлақи алаи)

Хақ болған, тура болған жол – ифратпен тәфриттің екеуінің ортасы. Қазақ тілінде мұның дәл аудармасы, баламасы болатындай сөз жоқ. Орта деген сөз дәл мағынасын бермейді. Арабшада уасат, итидал делінеді. Франсузша нормаль делінеді. Ифрат пен тәфриттің де қазақ тілінде тура мағынасын беретін сөз жоқ. Екеуіне де шектен асырып жіберу, асыра сілтеу деуге болады. Ифрат – шамадан артық, тәфрит – шамадан аз деген сөз. Бірі екіншісінің терісі. Мысалы, көп ұйықтау ифрат, аз ұйықтау тәфрит. Әрбір істің дұрысы – асырып жіберуден ұзақ болғаны, уасат (орта жолда) болғаны. Ифрат істі істеген адамға муфрит делінеді. Шектен шыққан, асырып жіберген деген мағынаны береді.

Дүние мен ахиретін бірге жүргізе алатын адам – орта жолда жүргендерден. Дүниелік істерде де орта жолда болу адамның абыройы мен қадірін арттырады.

Ифрат, тәфрит және уасатқа қатысты бірнеше мысал келтірейік:

1) Сараңдақ – тәфрит, ал ысырап – ифрат. Жомарттық болса – уасат. Құран кәрімде былай делінген:

«Жұмсағанда ысырап та етпейді, сараңдық та жасамайды. Екеуінің арасында бір жолды ұстанады.» (Фурқан 67)

2) Жалқаулық – тәфрит, ал асығу – ифрат. Жалқаулық – қазір жасалуы керек болған істі кешіктіру, кейінге қалдыру деген сөз. Хадис шәрифте: «Тәсуиф еткен (қайырлы іс жасауды кейінге қалдырған) адам құриды» делінген. Асығып, ол істі ойланбай істеу ифрат. Асыққан адамда босаңдық және жабырқаңқылық пайда болады. Қайырлы істі орындау үшін асыққан адам, ол ісі кешігетін болса жабырқауға, үмітсіздікке түседі. Дұға етеді, дұғасының дереу қабыл болуын қалайды. Дұғасы кешіксе, дұға етуді тастап қояды, мақсатынан мақрұм қалады. Асыққан адамның ықыласы, тақуалығы бұзылуы мүмкін. Күмәнді нәрселерге, тіпті харамдарға кіруі мүмкін. Өйткені хадис шәрифтерде былай делінген:

«Асығу шайтаннан.» (Тирмизи)

«Асыққан адам қателеседі.» (Бәйһақи)

Кейбір нәрселердің ережеге бағынбайтын ерекшеліктері болатынындай, асығудың да ережеге бағынбайтын кездері болады. Кейбір кездерде асығу сүннет болады.

3) Адам бір нәрсеге ашулануы мүмкін, бірақ мұның да бір шегі бар. Ашудың тым көп болуына қызбалық (басқыншылық) делінеді. Мұндай адам тым ашуланшақ болады, өзіне және басқаларға зиянын тигізеді. Бұл жағдай күпірге де апаруы мүмкін. Хадис шәрифте: «Қатты ашулану иманды бұзады» - делінген. (Бәйһақи)

Ашудың қалыпты (қажетті) мөлшеріне шәжаат (батылдық), қажетінен аз болуына қорқақтық делінеді. Шәжаат – орта жол. Шәжаат күйіндегі ашу жақсы. Имам Шафии хазреттері «Шәжаат керек болған жерде қорққақтық көрсеткен адам есекке ұқсайды» - деген.

Құран кәрімде былай делінген:

«Ей Нәби, кәпірлерге қарсы (қарумен) және мұнафықтарға қарсы(үгітпен, дәлелмен) жиһад ет, (үгітті де қабылдамаса) олармен қатаң бол! Олардың баратын тозақ, қандай жаман жер.» (Тәубе 73, Тахрим 9)

«(Сахабалар) кәпірлерге қарсы қатаң. өздері арасында мейірімді еді» (Фәтих 29)

Дұшпандарға қарсы қорқақтық көрсету жаиз емес. Қорқып олардан қашу, Аллаһу та’аланың тағдырын өзгерте алмайды. Қорқақ адам әйеліне, қызына талапсыздық пен немқұрайлылық көрсетіп, оларды қорғай алмайды. Қорлыққа және зұлымдыққа мойын иеді, қиянат істегенді көргенде үндемейді.

Ислам діні – орта жол

Ислам діні, әр бір істе орта жолды ұстанады . Бірнеше мысалдар:

1) Көп тамақ жеу – ифрат, қажетті мөлшерден аз жеу тәфрит. Қажетті мөлшерде жеу - уасат. Хадис шәрифте «Көп ішіп-жеу ауруладың басы болып табылады» деген. (Дарә Қутни)

Аштыққа шыдай алмайтын адамның аш жүруі жаиз емес. Аш жүрудің тахримән мәкрух болуы, бұған шыдай алмайтындар, денесіне және ақылына зиян келтіретіндер үшін. Өйткені өзіне қауіп төндіру харам болып табылады. Аштықтың да тоқтықтың да зиян болғаны үшін, мөлшерден тыс жеп-ішпей, орта жолды ұстау керек.

2) Хауф – Аллаһтан қорқу, ал рәжа Аллаһтың рахметінен (мейірімінен) үміттену деген сөз. Аллаһтың рахметінен үмітін үзу – ифрат. Аллаһтың рахметінен тек кәпірлер ғана үміттерін үзеді. (Хижр 56)

Аллаһтан қорқпай, мейірімділік ететініне сенімді болу – тәфрит. Хадис шәрифте былай делінген: «Әр қалаған нәрсесін істеп, Аллаһтың мейірімділік ететініне үміттенген адам ақымақ адам.» (Тирмизи)

Ал уасат (орта) жол, сол екеуінің арасында болу деген сөз! Хадис шәрифте былай делінген:

«Хауф және рәжа (қорқу мен үміт) арасында болған мүмин үміттенгеніне қауышады, қорыққан нәрселерінен амандықта болады.» (Тирмизи)

3) Көп ұйықтау – ифрат, қажетті мөлшерден аз ұйықтау – тәфрит. Қажетті мөлшерде ұйықтау, уасат болып табылады.

4) Ғибадат жасауда да ифрат, тәфрит болады. Аз ғибадат ету – тәфрит. Күні-түні тек ғибадат жасау – ифрат. Күш-қуаты жетпесе де ғибадат етуге тырысу, мысалы түнде еш ұйықтамай намаз оқу, күндіз күні ораза тұту, әйелінен ұзақ қалу, ет, сүт, тәтті тағамдарды еш жемеу ифрат, шектен шығу болып табылады.

Хадис шәрифте былай делінді:

«Дін – жеңілдік. Уасаттан өтіп, шектен шыққан адамды дін жеңеді.» (Нәсаи)

«Дін – жеңілдік. Біреу оған жеңіл қарайтын болса, дін оны міндетті түрде жеңеді. Олай болса ифрат және тәфриттен сақтаныңдар, орта жолды ұстаныңдар» (Бұхари)

«Дінімізде өмір бойы үйленбей жалғыз өту деген нәрсе жоқ. Ет жеңдер, әйелдеріңмен қосылыңдар! (Нәпіл) оразасын да тұтыңдар. Тұтпаған күндерің де болсын! (Нәпіл) намазын да оқыңдар! Ұйықтаңдар да. Мен осылармен әмір етілдім.» (Табарани)

Әр бір істің азимет (қиын) жағы және рұқсат (оңай, жеңіл) жағы бар. Қиын нәрселерді жасай алмайтын адамның рұқсатпен, жеңілдік жолдарымен орындауы, азиметті жасағандай сауап алады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’аланың сендерге берген жеңілдіктерден және рұқсаттардан пайдаланыңдар.» (Бұхари)

«Аллаһу та’ала әмір еткен нәрселерін жасағандарың сияқты рұқсат етілген нәрселерді де жасағандарыңды жақсы көреді.»(Бәйһақи)

«Жеңілдіктерден пайдаланбаған адам, Арафат тауындай күнә істеген болады.» (Табарани)

Бұл хадистерге қарап, міндетті түрде жеңілдіктермен амал ету керек екендігі түсінілмеу керек. Өйткені «Уәра иесі болған, адамдардың ең абиді болады.» деген хадис шәрифте көрсетілгендей, орта жол деп әрқашан тек жеңілдіктермен ғана амал етілмейді.

Сүйікті пайғамбарымыз түнде мүбәрәк аяқтары ісіп кеткенге дейін намаз оқитын. Бірақ үмметтеріне өте мейірімділік еткені үшін олардың мұндай қиыншылық көрулерін қаламайтын еді. Үмметіне жеңілдікпен әмір етіп, өзі азиметпен ғибадат ететін. «Аллаһтың халал еткен нәрселерін өздеріңе харам етпеңдер» деген аяты «Рұқсат етілген, күнә емес нәрселерді харам деп есептемей, олардан бас тартып, ұзақ тұрсаңдар жақсы болады.» деген сөз. «Сүннетіме мойынсұнбаған менен емес» деген хадис шәрифі, рұқсат етілген нәрселерімді жасамаған, өзін қинап, сүннетіме мойынсұнбаған болады деген сөз. Күнә емес, жаиз болған нәрселерді жасау, рұқсатпен әрекет ету деген сөз. Қажеттілік туындамаса рұқсатпен амал етпеу керек.

Ифрат пен тәфритке мысалдар:

Ифрат пен тәфритке арналған мысалдардың жалғасы:

1) Тәкаппарлану – ифрат, тәмәллук (шектен тыс қарапайымдылық) – тәфрит. Орта шамасы – Қарапайымдылық. Өзінен төмен болған адамдарға қарапайымдылық көрсету жақсы болса да, мұның ифратқа себеп болмауы, яғни шамадан тыс кетпеуі керек. Шектен тыс, өте қарапайымдылыққа тәмәллук делінеді. Тәмәллукты тек ұстазға және ғалымға қарсы жасау жаиз. Басқаларының алдында жаиз емес. Хадис шәрифте: «Тәмәллук – мұсылман мінездерінен емес.» делінген. (Ибн Мауәрди)

2) Хазреті Исаны өте жақсы көру – ифрат, ал жақсы көрмеу – тәфрит болып табылады. Хазреті Исаға “Аллаһ” және “Аллаһтың ұлы” деген христиандар ифратта, ал оны жақсы көрмеген, анасына жала жапқан яһудилер тәфритте. Құран кәрімде былай делінген:

«Яһудилер Узәйрға, христиандар да Исаға “Аллаһтың ұлы” деді. Бұл бұрыңғы кәпірлердің (періштелер - “Аллаһтың қыздары” дегендердің) сөздеріне ұқсайды. Оларды Аллаһ лағынет етсін! Қалайша алданып отыр?» (Тәубә 30)

«Яһудилер ғалымдарын, ал христиандар поптарын және Исаны “тәңір” қылып алды. Негізінде олар бір тәңірге ғана құлшылық қылуға бұйырылған болатын.» (Тәубә 31)

«Мәриямға үлкен жала жауып, Аллаһтың елшісі Исаны өлтірдік дегендері үшін (яһудилерді) лағнеттедік.» (Ниса 156)

Ал мұсылмандар хазреті Исаны “Аллаһтың құлы” және “пайғамбары” деп біледі. Бұл – орта жол болып табылады.

3) Хазреті Әли үшін де осылай асыра сілтейтіндер бар. Хазреті Әлиді жақсы көрмейтін харижилер (йәзидилер) – тәфрит иелері. Хазреті Әлиге “пайғамбар” немесе “тәңір” дейтін ибн сәбәшілер – ифрат иелері. Әһли сүннет тобындағылар болса хазреті Әлиді өзі білдіргеніндей, Расулуллаһ алейһиссаламның білдіргеніндей жақсы көреді. Ал бұл – орта жол. Хазреті Әли былай дейді: “Расулуллаһ алейһиссалам маған былай деді:

«Йа Әли, Сен Иса сияқтысың! Яһудилер оған дұшпан болды. Мүбәрәк анасы Мәриәмға жала жапты. Христиандар болса оны асыра сілтеп жоғары көтерді. Оған жарасатын дәрежеден де жоғары ұстады.» (И. Ахмед)

Хазреті Әли осы хадис шәрифтен хабар бергеннен кейін «Менің салдарымнан шектен тыс кеткен екі топтың адамдары құриды. Біреулері, мені аса жақсы көріп, менде жоқ қасиеттерді маған тағады. Екіншілері болса маған дұшпан болып, көптеген жала жабады» деді.  Бұл хадис шәрифте харижилер яһудилерге, ибн сәбәшілер болса христиандарға ұқсатылған.

4) Басшылардың жұмысшыларына қатал мәміледе болуы – ифрат, ал мүлдем назар аудармауы – тәфрит. Қол астындағы қызметшілерге өте қатал, немесе өте жұмсақ мәміледе болмау керек. Орташа мәміледе болу керек. Егер өте жұмсақ мәміледе болатын болса, қызметшілері басшысын елемейтін, құрметтемейтін болады. Жұмыстарына немқұрайлы қарап, толық көлемде орындамайтын болады. Егер шектен тыс қаталдық танытатын болса, басшысын жек көретін болады.

5) Бір кісіні өте жақсы көріп, барлық сырларын жайып салу – ифрат. Досына жақсы көретінін білдіртпеу, барлық нәрсені одан жасыру да – тәфрит. Дұшпандықта да шектен тыс кету – ифрат. Достықта да, дұшпандықта да шамадан тыс кетпеу керек. Пайғамбарымыз былай деген:

«Бір кісіні күндердің күнінде араларыңның ашылып қалуын есепке алып жақсы көр! Жек көретін адамыңды да күндердің күнінде дос болып қалуыңды ойлап жек көр!» (Тирмизи)

6) Тағдырды жоққа шығару – тәфрит, ал кінәні тағдырға арта салу – ифрат. “Мутазила” тобындағылар: «Адамның өз тағдыры өзінің қолында» деп Аллаһу та’аланың тағдырын жоққа шығарады. “Жабрийа” тобындағылар болса: «Адам тағдырына еріксіз. Барлық жаман нәрселерді жасататын Аллаһу та’ала» деп кінәні тағдырға жүктейді. Орта жолдағылар - Әһли сүннет ақидасы.

Имам Ағзам хазреттері ұстазы Жафар Садыққа: «Аллаһу та’ала адамдардың өз қалауымен жасайтын істерін олардың қалау еріктеріне берген бе?» деп сұрады. Ол: «Аллаһу та’ала жарату және қалаған нәрсесін жасау ұлылығын құлдарына беруге мұқтаж емес. Бірақ қинап та істетпейді. Жаратуды құлдарына тастап қоюы да жоқ. Екеуінің арасында жалғасын табуда» деді.

Яғни жақсылық пен жамандық Аллаһу та’аланың жаратуымен болады. Сауап және күнә істеуді құлдарының амалына яғни адамның ирадаи жузийасына (қалау еркіне) байланысты қылған, бұған “кәсб”делінеді. Кәсб яғни бір нәрсені істеуді қалау құлдан, ал оны жарату Аллаһу та’аладан болады. Аллаһу та’ала құлдарын қинап, күнә жасатпайтынындай мұны толығымен олардың қалау еріктеріне де жүктемеген. Бұл істер екеуінің арасында жалғасын табуда.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: