Әр ауруда бір пайда бар

Әр ауруда бір пайда бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның бір жері ауырған кезде, жеңіл немесе ауыр ауруға шалдыққанда мазасызданатын, рахаты бұзылып, қалауларына жете алмағаны үшін қиналатын нәпіс. Біз мазасызданған кезде оның да мазасыздығы артады. Құлақ түстің әсемдігін сезіне алмағанындай, көз де дыбыстардан ләззат ала алмайды. Әр нәрсенің өз рахаты болады.

Нәпіс – Аллаһу та’аланың дұшпаны, ол тек харам болған нәрселерден ғана ләззат алады. Рухтың азығы намаз бен басқа ғибадаттар, харамдар рухтың уы. Мысалы музыка нәпісті азықтандырады. Нәпсіміз музыкадан рахаттанады. Ал рух рахаттанбайды, қиналады. Нәпісті рухпен шатастырмау керек. Адам ауырған кезде күнәлары кешіріледі. Иса алейһиссалам: «Аурып, қиыншылықтарға, пәлекеттерге ұшырап, күнәларының кешірілетініне қуанбаған адам ғалым емес»деген. Мұса алейһиссалам да бір науқасты көріп «Йа Раббым, бұл құлыңа мейірімдік жаса, ауруынан құтқар!» деген кезінде Аллаһу та’ала:«Рахметіме, мейірімділігіме қауышсын деп жіберген себептерімнің арасында жүрген бір құлыма бұдан артық қалай рахмет, мейірімділік етейін. Өйткені оның күнәларын осы аурулар арқылы кешіремін. Жәннаттағы дәрежесін осылар арқылы көтеремін»- деді.

Қиыншылықтардан, азаптардан сауап болмайды. Бұларға сабыр еткен кезде сауап беріледі. Бірақ, қиыншылықтарға сабыр етілмесе де, күнәлардың кешірілуіне себеп болады. Ауру да қиыншылық, сабыр етілмесе тек күнәлар кешіріледі. Сабыр етіп, ешкімге шағымданбаса, бұл кезде сауап та беріледі. Көрініп тұрғанындай, ауру – пайдалы нәрсе.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: