Алғашқы бала мұсылман

Алғашқы бала мұсылман

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарлықтың алғашқы күндері болатын. Ардақты пайғамбарымыз хазірет Хадишамен бірге намаз оқып жатқан. Он жасар Али ол кісілерді таңғала тамашалап тұрды. Намаз біткеннен кейін: «Сіздер не істеп жатырсыздар?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Уа, Әли, бұл Алланың таңдаған, ұнатқан діні. Сені жалғыз Аллаға иман етуге шақырамын. Адамға пайдасы не зияны жоқ пұттарға табынбау керек».

Али сәл іркіліп қалды да: «Бұл мен үшін бұрын-соңды естімеген өзгеше жағдай екен. Әкемнің рұқсатын алғаным жөн болар» деді. Сол күні ешкімге бұл туралы жақ ашпады. Түнді ойланумен өткізді. Таңның сібірлеп атуымен көңіліне нұр ұялады. Тіке Расулалланың  қасына барып былай деді:

«Алла мені жаратарда әкем Әбу Тәліптен сұрамағаны анық. Ендеше, мен неге Аллаға иман етіп, құлшылық жасау үшін барып ол кісіге жолығуым керек?»

Осылайша алғашқы мұсылман бала болу бақытын иеленді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: