Қамшының сабындай қысқа өмірінде адам баласы көптеген кіші-гірім ағаттықтар жіберіп алуы өтірік емес, мысалы: туған-туыстарымен қарым-қатынас жасауда, Алла Тағалаға лайықты түрде құлшылық етпеу, мінез-құлық қиындықтары және т.б. Айналып келгенде, адамның басты мақсатына қол жеткізуде дәл осы ағаттықтар кедергі келтіріп жатады. Сәлем бергісі келмеу көргенсіздік болып саналады. Пайғамбарымыз (ﷺ) сәлем беру қоғамдағы береке кепілі болып табылады, ал сәлемдеспеу адамдарды бір-бірінен алшақтатып, оларды жалғыздыққа итермелейді деп санаған болатын.
Қасиетті Құранымыздың мына бір аятында былай айтылған:
“...Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді...” (24:61).
Мәртебелі Әнас (р.а) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: “Ұлым менің, үйге кірген кезде міндетті түрде бәріне сәлем бер, Алла саған, сенің отбасыңа амандық пен берекет береді” [Тирмизи, Истизан, 10].
Сәлем беру – жан үйлесімділігі мен шынайылықтың көрінісі болып табылады. Үйге кіріп келіп сәлем беріп, бір-екі ауыз жылы сөз айту - күні бойғы күйзеліс пен шаршағандықты қолмен жұлып алғандай алып тастайды. Жұмсақ та жылы лебізбен айтылған бір сөз отбасы мүшелерін қуанышқа кенелтіп, үйді берекетке толтырады.
Қай үйге кірсек те сәлем беруді есімізден шығармайық, сәлем беруде сол үй иелеріне деген амандық пен жақсылық тілеуі бар. Сол себепті үйге кірген сәтте жақсы һәм жылы сөздер айту қажеттілігін ұмытпайық. Осылай жасауымызды Алла Тағала бұйырған, ал Оның Елшісі (ﷺ) бізге сәлем беруге кеңес берген.
asyldin.kz