Мүміннің жүрегіне шайтанның кіруінің 10 жолы

Мүміннің жүрегіне шайтанның кіруінің 10 жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының жүрегі әлдебір қамал іспеттес. Ал шайтан болса осы қамалды жаулап алғысы келетін жау. Жүрек атты қамалымызды тек қорғай отырып қана қауіпсіздікте сақтай аламыз. Сондай-ақ, жауымызды бес саусақтай жақсы білуіміз маңызды, тек осылай ғана біз шайтанды еңсеріп, өзімізді оның азғыруынан сақтай аламыз.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистердің бірінде былай айтқан: «Шайтан міндетті түрде тұмсығымен адамның жүрегіне сүліктей қадалып алады. Егер адам Алланы еске алар болса, шайтан бірден кетіп қалады. Ал егер Алланы ұмытып, есіне де алмайтын болса, онда шайтан оның жүрегін күдікшілдікке толтырады» (Муснад-и Әбу Йа`ля).

Бұл мақалада біздің жүрегімізге шайтанның кіруінің 10 жолын қарастырып өтеміз:

1. Ашу-ыза

Қатты ашу-ыза кезінде шайтан біздің қан тамырларымыз арқылы бүтін денемізге тарайды. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Ашу шайтаннан. Ал шайтан оттан жаралған. Өртті өшіретін нәрсе – су, сондықтан кімде-кім ашуға мінер болса, дәрет алсын» (Әбу Дәуд).

2. Фәнилік мәселелерге шамадан тыс беріліп кету

Мүмін адамға Алла Тағала мен өзге адамдардың алдындағы міндеттері арасындағы теңгерімді сақтап отыру маңызды. Бұл дүние – сынақ, бұл сынақтан сүрінбей өту оңай емес. Отбасы, балалар, жұмыс – мұның бәрі уақытша нәрселер. Фәнилік және рухани дүниелер арасындағы теңгерімді дұрыс сақтай отырып, мүмін адам Жаратушыға бір қадам болсын жақындап әрі өзін рухани тұрғыдан дамыта   түседі. 

3. Нәпсіқұмарлық

«Саған тыйым салынған әйелдің қасында отырмаӨйткені мен әлгі әйелдің саған деген елшісі боламынӘрі сенің оған деген елшісі де боламынЕкеулеріңді бүлікке әкеліп соқпайынша, мен елші болып қала беремін»- деп айтқан шайтан.

4. Өзгеге деген қызғаныш пен бас араздық

Дәл осы қызғаныш пен бас араздықтың салдарынан шайтан Адам Ата пайғамбардың (ғ.с.) алдында бас июден бас тартқан. Сол себепті қызғаныш пен бас араздық – біздің жүрегімізді шайтанның жаулап алуының басты кілті болып табылады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір хадисінде былай айтылған: «От ағашты қалай жандырса, қызғаныш та жақсы амалдарды солай жалмайды» (Әбу Дәуд).

5. Тоқшылық пен қомағайлық

Ас қабылдауда қомағайлық таныту нәпсіқұмарлықты арттыруға септігін тигізеді деп саналады. Ал нәпсіқұмарлық шайтанның сүйікті қаруларының бірі.

Қомағайлық пен тоқшылықтың салдары мыналар:

- Тақуалық әлсірейді;

- Адамдарға деген мейірімділік жоғалады;

- Алла Тағалаға құлшылық ету қиынға соғады;

- Адам дөрекі бола бастайды;

- Тоқ адамның сөзі қарапайым халыққа әсер етпейтін болады;

- Тоқшылық әртүрлі аурудың пайда болуына және оның асқынуына әкеліп соғады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан болатын: «Аз тамақ ішетін адамның жүрегі нұрға толатын болады» (Суйути, Джемуль-Джевами).

6. Жайлылыққа бейім болу

Шайтан адамның жиһазға, киім-кешекке, әшекейлерге деген сүйіспеншілігін қолпаштап, көтермелеп отырады. Оның көздегені – адам өз уақытының көбін сүйікті бұйымдарына арнап отырса болғаны. Егер адам бір рет болсын осындай әлсіздікке беріліп кететін болса, онда өмір бойы мал-мүліктің құлына айналып шыға келеді.

7. Ашкөздік

Ашкөздік деген бәле адамның жүрегіне кіріп алар болса, онда әлгі адам өзге адамдардың дүние-мүлкіне көз сала бастайтын болады. Шайтан адамды алдап-арбап, оны жағымпаз жанға айналдырады. Ал өз көздегеніне жету үшін адам рұқсат етілген шектен шығып кетуге дейін бара алатын халге жетеді.

Ибн Аббас Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Нағыз байлық – сен өзгелердің қолындағысын қаламауыңда. Ашкөзділіктен сақтан, өйткені ашкөздік алдын-ала сені кедейлікке әкеліп соқтырады» (Джамиуссагир, 5813).

8. Асығыстық

Асығыстық адамға саналы, дұрыс шешім қабылдауға жиі кедергі келтіреді. Адам  асығыстық жасағанда, шайтан білдіртпей оның жүрегіне кіріп алады да оны ашу-ызаға толтырады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Асылында, сенің екі мінезің бар әрі Алла Тағалаға ұнайды. Олар: Хильм (жұмсақ мінез бен сабыр) және істі ақылға салып, асықпай жасау» (Сюнен-и Тирмизи).

9. Ақша мен байлықты қалау

Егер адамда оның қажетінен тыс байлық пайда болатын болса, шайтан міндетті түрде оны өз пайдасына қолданып кетеді. Адам өз шамасын сезуден айырылады. Ол үшін ақша күн көру құралы емес, оның мақсатына айналады. Ақыр соңында, адам ақшаның құлына қалай айналып кеткенін сезбей де қалады.

10. Кедейліктен қорқу және сараңдық

Кедейліктен қорқу мен сараңдық адамды садақа беруден, жақсы амалдар жасаудан тежейді. Бұл жағдайда шайтан адамды байлық жинауға итермелейді. Кедейліктен қорқу – шайтанның ең кең тараған қаруларының бірі.

Ашадж бин Кайс Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Жомарттық – Жұмақтың Жер бетіне жетіп жатқан ағаштарының бірі. Кімде-кім әлгі ағаштың бір бұтағынан ұстанар болса, сол бұтақ арқылы ол Жұмаққа жете алады. Сараңдық – Тозақтың Жер бетіне жетіп жатқан ағаштарының бірі. Кімде-кім әлгі ағаштың бір бұтағынан ұстанар болса, сол бұтақ арқылы ол Тозақтың құрдымына кетеді» (Бейхаки, Шуабуль-иман, VII, 435).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active