Ақылды бала

Ақылды бала

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аббаситтер халифасы Харун Рашиттің заманында Бәһлүл деген өте тақуа кісі өмір сүріпті. Бір күні сол кісі Басраның көшесінде кетіп бара жатып, ойнап жүрген бір топ баланы көреді. Сәл аялдап, балалардың ойынын тамашалайды. Кенет анадай жерден бір баланың солқылдап жылап тұрған даусын естіп жанына барады. Баладан:

–  Иә, балақай, неге жыладың? – деп сұрайды.

–  Емдей алмасаңыз, дертімді қозғамаңыз, – дейді бала.

–  Әуелі дертіңнің не екенін айт, бәлкім, көмектесермін.

–  Олай болса айтыңызшы, біз осы ойнау үшін жаратылдық па?

Бәһлүл аз ғана ойланып:

–  Мен мұның жауабын білмейді екенмін. Өзің айтшы, сонда не үшін жаратылдық?

–  Біз ілім алу үшін, ғибадат ету үшін жаратылдық. Бірақ мұны түсінетіндер аз.

Бәһлүл балаға риза болып, басынан сипайды:

–  Өркенің өссін, балақай. Мұны кімнен үйрендің?

–  Сіз Құран оқымайсыз ба?

–  Әрине, оқимын. 

–  Онда «Біз сендерді босқа жаратты, есеп бермейміз деп ойладыңдар ма?» деген аятты көрмеп пе едіңіз (23:115)?

Баладан осындай дана сөзді естимін деп ойламаған Бәһлүлдің де көңілі бұзылып, жылап жіберіпті...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active