Есейген ұлымды намаз оқуға қалай келтірсем екен?

Есейген ұлымды намаз оқуға қалай келтірсем екен?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Психология турасынан көзқарас:

Мұндай сұраққа бірден жауап беру оңай емес, өйткені кез-келген жағдайдың өзіндік ерекше, бірегей себеп-салдары болады.   Бір адамды әлдебір әрекетке итермелейтін себепті дөп басып бірден айта салу оңай  болмас. Әрине, мұндай маңызды істі қолға алуда біраз кешіккендеріңіз рас, алайда бір нәрсені өзгерту қажет.

Мәселе мынада болып тұр, егер сіз ұлыңызды намаз оқуға мәжбүрлесеңіз, ол тек сіздің қатаң бақылауыңызбен ғана құлшылық ететін болады, ал сіз қасында болмасаңыз, ол намазды есіне де алмайтын болады. Мұндай қарым-қатынастың қауіптілігі - ақыр аяғында сіз ұлыңыздың Исламға деген, соның ішінде, намаз оқуға деген теріс көзқарасын тудыруға әкеліп соғуыңыз мүмкін. Сіздің бұл әдісіңізді түбегейлі түрде өзгертуіңізді ұсынар едім.

Адамды бір нәрсені жасауға итермелеудің ең тиімді тәсілі, оның өз тілегі мен қызығушылығын тудыру екені айдан анық нәрсе. Жан-жағынан алып қарағанда, сіз жұбайыңыз екеуіңіз өздеріңізге керекті ғана ойлайсыздар — ол ұлдарыңыздың намаз оқуы. Ал мен сіздерге ұлдарыңыздың не үшін сіздердің тілектеріңізге қарсы келіп жүргені туралы ойлануды ұсынамын. Дәлірегінде, ұлыңыздың сіздерге айтар көп нәрсесі бар, бірақ сіздер оны түсінбей, сынға алар деп қорыққандықтан ештеме айтпай жүр. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сенімді түрде болмағанда, бұл жиі болып тұратын құбылыс.

Ұлыңыздың ішкі жан дүниесіне кіріп, оны алаңдатып жүрген мәселелер түйінін шешіп көруге тырысыңыздар. Тек қана ұлыңызға дос болу, оның алдында беделге ие болу (ал беделге ие болу қажет сәтте ақыл қосу арқылы жүзеге асатын нәрсе) арқылы ғана ұлыңызға еш қиындықсыз дегеніңізді жасата алатын боласыз. Тіпті оған әсер етудің де қажеті болмас, өйткені беделді тұлғаның соңынан өзі-ақ еріп кететін болады. Бұл бір, енді екінші маңызды мәселе - намаздың ұлыңызға қаншалықты маңызды екендігіне қатысты.

Бәлкім, ол сіздердің талаптарыңыздың мәнін толық түсінбейтін шығар, ол үшін намаз оқу маңызды нәрсе болып көрінбейтін шығар. Ең дұрысы, ұлыңызбен жиі Алла Тағала туралы сөйлесіңіздер. Тек діни мәселелердің негізін үйрете отырып, сіз ұлыңыздың ұстанымын өзгертуге нақты мүмкіндік аласыз. Сіздің айтқандарыңызды жүрегіне ұялатқан соң ғана ұлыңыз дінде ыждаһаттылық таныта бастайды.

Алайда жоғарыда келтірілгендер ұлыңызды жайына ғана қалдырып, оған еркіндік беріп қою керек дегенді білдірмейді, керісінше, сіздер әр кез оның қасынан табылуларыңыз қажет. Барынша оның жақсы жақтарын дәріптеп, кез-келген сұрақтар мәселесінде онымен ақылдасып отырыңыз. Үйде жайлы жағдай жасауға тырысыңыздар, маңайындағы адамдардың оған жау емес, жақын, жанашыр адамдар екенін сезінсін.  Қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерістер оның өмірлік көзқарастарын, құндылық жүйесін, ал артынша ұстанымының өзгеруіне әкеліп соғады.  «Жақсы сөз - жарым ырыс» дегендей жақсы сөз және көркем үлгімен әрқашан үлкен жетістіктерге жетуге болатынын естен шығармаңыздар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: