Қиямет күні амалдар таразысында ең ауыр болатын амал

Қиямет күні амалдар таразысында ең ауыр болатын амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Елшісінің (ﷺ) хадистерінің бірінде былай айтылған: «Кімнің мінез-құлқы ең көркем болса, соның иманы кемел» (Тирмизи).

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (ﷺ) келесіні айтқан: «Қиямет күні маған сүйікті әрі жақын болатындар мінезі көркемдер» (Тирмизи).

«Қиямет күні амалдар таразысында ең ауыр салмақ тартатын көркем мінезден артық ештеме болмайды. Асылында, көркем мінез иелері ораза ұстайтындар мен құлшылық ететіндердің дәрежесіне қол жеткізеді» (Әбу Дәуд).

Алла Тағала біздің асыл дініміздің негізі етіп күллі игі нәрселерді жасаған. Барлық саналы, адами дүниелердің бәрі ислам дінінде екендігін сенімді түрде айтуға болады. Жоғарыда айтылғандардан түйінделетін ой — мұсылман үшін өз мінезін кемелдендіру өмірлік маңызы бар мұрат болып табылады және оның лайықты түрде іске асуына мәңгілік өмірдегі мүміннің жағдайы байланысты болады. Біз жақсы мінезді болудың аса маңызды екенін білеміз, алайда көркем мінезді адам болып табылатын санатқа қалай қосылуға болады?  Күнделікті өзіңізді жетілдіруге көп көңіл қойыңыз:

1. Көркем ойлаңыздар

Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз» [50:16].

«Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі» [ 67:13].

Қас қағым сәтте біздің басымызға миллиондаған ойлар кіріп-шығады, сол ойлардың бәрі тек Аллаға ғана аян. Сіздер өз ойларыңызды бақылай алмайсыздар, алайда біз сол ойлардың басымызда «орын теуіп» қалуына жол бермеуіміз керек. Жаман ойларды қуып, оң пікірде болыңыздар. Сіздің айналаңыздағы адамдар туралы жаман ойламаңыздар, күдіктенбеңіздер. Басқа адамға деген өз жаман пиғылыңызды ұлғайтқаннан еш қайыр болмайды. Оның орнына оларды ақтап, жақсы ойлауға тырысыңыздар. Өз ойларыңызды тәрбиелеп, оларға билік жүргізіңіздер, олардың теріс және жаман болуына жол бермеңіздер. 

2. Адамдарға мейірімді болыңыздар

Біздің асыл дініміздегі ең үлкен сынақ — адамдарға қатысты біздің мінез-құлқымыз. Біз бөлек бір дүниеде тұрмаймыз, күнделікті өмірімізде үнемі өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келеді.  Бұл қарым-қатынастың қалай жасалатыны — біздің иманымызға байланысты. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірбаянын танып-біліңіздер де сол кісінің сабырлылық, түсіністік, қайырымдылық, жақсылық және мейірімділік тәрізді ең көркем қасиеттерін бойларыңызға сіңіруге тырысыңыздар.  Алла Тағала тіпті кішкентай әрекеттеріңіз бен ниеттеріңізді толықтай Бағалаушы!

3. Жақсылықты көбірек жасаңыздар.

Ең жақсы амалдар – үнемі жасалатын амалдар.

«Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы» (67:2).

Сіздерге белгілі уақыт берілгені естеріңізден шықпасын, сол уақыттағы жақсы амалдарыңызға сіздің бақытыңыз байланысты болады. Сіз барынша жақсы амалдар жасауға тырыспайсыз ба? Алла Тағала өз амалдарында кімнің жақсы екендігін сынайды. Бір кішкентай жақсы амал соңынан басқа бір игі амалды болдырып отырады, соңынан жақсы амалдар жиынтығы иман келтірушіні жаман қасиеттері мен жаман амалдарынан тазартады. Өз амалдарыңыздың әрбірі Алла Тағаладан деп біліп жасаңыздар.

4. Құран оқыңыздар, Алланы еске алыңыздар

«Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады»(13:28).

«Осы (Құран) біз түсірген мүбарак Кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер» (6:155).

Күнделікті Құран оқыңыздар, оның аяттары туралы ойланыңыздар, бұл Кітапты өз өміріңіздің басты басшылығы етіп алыңыз да Оның заңдары бойынша амал жасаңыздар. Тек сонда сіздің дұғаңыз, ойларыңыз, амалдарыңыз және өміріңіз жақсылық пен игілікке толады. Алланы еске алу сөздерінде қаншама қайыр бар екендігіне иман келтіргендер тіпті де көз жеткізе алмайды. Алланы үнемі еске алу арқылы адам өз ниеттері мен амалдарын саналы түрде жасап, жан тыныштығына кенеліп, жақсы бола бастайды.  Алла Тағаланың мейірімі адамға көркем мінез ретінде төгіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: