Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бізге өсиет етіп кеткен өмірлік мәні бар 7 қағида

Ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бізге өсиет етіп кеткен өмірлік мәні бар 7 қағида

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзат баласы тарихындағы ең сәтті адам біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ). Пайғамбарлардың мөрі, пайғамбарлардың мырзасы әрі Қиямет күнінің Пайғамбары бола тұра, ол күллі адамзатқа үлгі болып қана қоймай, сонымен қатар, жетістікке жетудің де жолдарын көрсеткен. Алланың Сүйіктісі (ﷺ) бізге өсиет етіп қалдырған 7 жетістік қағидалары қандай?

Ең біріншісі  – мүмкін болар жеңілінен бастау. Бұл қағида Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте былай айтылған: «Пайғамбарымыз (ﷺ) екі шешімнің ең жеңілін таңдайтын» (Бұхари).  Ең женілін таңдау дегеніміз әлі келетін істен бастауды білдіреді, мұндай адам, ақыр аяғында, өз дегеніне жететін болады.

Екіншісі – тіпті кемшіліктің өзінен де жақсы жағын көре білу. Пайғамбарымыздың (ﷺ) кезінде Мекке тұрғындары  көптеген ауыртпалықтар мен қиындықтарға ұшырап отырған.  Бірақ мына аят: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар» (94:5-6) мүміндерге рух беріп отырған.

Пайғамбарымыздың (ﷺ) өсиет еткен үшінші өсиеті – тұрып жатқан жерін ауыстыру, бұл Алла Елшісінің (ﷺ) хижрасымен байланысты. Бірақ Пайғамбарымыз (ﷺ) үшін хижра тек тұратын жерін ауыстыру ғана емес, бұл стратегиялық мәні бар қадам әрі Исламды таратуға жайлырақ орын табу болған. 

Төртіншісі – жауыңды досыңа айналдыр. Бұл қағида Қасиетті Құранда айтылған: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді» (41:34). Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) жамандыққа жақсылық жасап отырған, бұл оның жауларының жүрегін жұмсартуға септігін тидірген, соңында жаулары оның достарына айналып отырған.  Біздің дәстүрімізде де «Таспен атқанды аспен ат» деген қағида бар, бұл жерден біз асыл дініміз ислам мен көнеден келе жатқан дәстүріміздің сабақтастығын көреміз. Дініміздің асыл қасиеттерін дәстүріміз өз бойына сіңіріп отырған.

Бәдір шайқасынан кейін 70-ке жуық пұтқа табынушылар қолға түседі, оларға мұсылмандардың балаларын оқыту арқылы еркіндікке қол жеткізуге рұқсат беріледі. Біздің ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) он мұсылманның сауатын ашқан тұтқын бостандыққа шығады деп айтады. Бұл ислам тарихындағы шәкірттері мұсылмандар, ал оқытушылары жаулардан болған бірінші мектеп еді.  Бұдан «сәтсіздіктен сәттілік шығар» деген бесінші қағида шығады. 

Қатыгездік күшінен татулық күші анағұрлым мықты – бұл алтыншы қағида. Мекке алынғанда, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) қарсыластары оның алдына әкелінеді, бірақ біздің ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) оларды өлтіруге бұйырмайды, керісінше, былай айтады: «Барыңдар, сендер боссыңдар». Пайғамбарымыздың (ﷺ) бұл әркетенінің нәтижесі расында таңғаларлық болған еді – босатқан адамдарының көбі кейін келе исламды қабылдаған.

Жетінші қағида – біртіндеп жүзеге асушылық. Бұл Алла Елшісі (ﷺ) ұстанған исламның қағидасы. Біздің сүйікті Пайғамбарымызға (ﷺ) түсірілген бірінші аяттар Жұмақ пен Тозақ туралы болған.  Содан кейін біршама уақыт аяттар түсірілмей қалады. Тек адамдардың жүректері жұмсарып, аяттар адамдардың жанына жетті-ау деген кезде ғана зина мен ішімдік ішуге тыйым салған аяттар түсе бастаған. Бұл ислам діні қоғамның революциялық емес, эволюциялық — біртіндеп іске асушылық тәсілімен дамитындығының көрнекті дәлелі болып табылады.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: