ҚАЖЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)

ҚАЖЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОТАНЫМЫЗҒА ОРАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мекке қаласында қажылық рәсімдерін аяқтаған қазақстандық қажылардың алғашқы легі Отанымызға оралды.

Жидда – Алматы бағыты бойынша тікелей рейспен ұшқан 430 отандасымызды Қажылық миссиясы төрағасының орынбасары Ершат Оңғар шығарып салған болатын.

Бүгін қажыларымыздың кейбір бөлігі қасиетті Мәдина қаласына аттануда. Олар ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітін зиярат етіп, Мәдина халықаралық әуежайынан елімізге ұшады.

Айта кетсек, биыл елімізден келген 4 мың жерлесіміз қажылық парызын өтеді. Бас мүфти бастаған Қажылық миссиясы Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша жұмыс істеді.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: