Қызылорда: Қазалыда «Халық» мешіті ашылды

Қызылорда: Қазалыда «Халық» мешіті ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде асарлатып салынған «Халық» мешітінің ашылу салтанаты өтті.

Қасиетті Құрбан айт мейрамымен қатар келген жұма күнгі шараға облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, ҚР ішкі істен министрлігінің Құрметті ардагері, Журналистер одағының мүшесі Беганыш Жақсыбай сынды сыйлы азаматтар арнайы қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Ел ағалары игі істің басында жүрген белсенді азаматтарға алғыс білдіріп, халықтың үлесі зор екенін атап өтті. Мұнан соң жаңа мешіт лентасы қиылып, құран оқылып, қонақтар ғимаратпен танысты.

Заманауи үлгіде салынған «Халық» мешітінің сыйымдылығы 700 адамға арналған. Ғимаратта намаз оқитын залдарынан бөлек, неке қию, сүндеттеу бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар мешіт жанынан 350 адамға арналған асхана бой көтерген.

Жаңадан ашылған ғимаратта бас имам Болатбек Ұласқанұлының «Мешіт әдебі» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазы оқылды.

Айта кетейік, мешіттің ашылуына орай ұйымдастырылған думанды той ұлттық ойындар сайысымен әрленіп, Құранды жатқа оқу жарысымен жалғасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: