ҚҰРБАН-2023 ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ҚМДБ 123 594 ЖАНҰЯҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІН ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

ҚҰРБАН-2023 ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ҚМДБ 123 594 ЖАНҰЯҒА ҚҰРБАНДЫҚ ЕТІН ҮЛЕСТІРДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республика көлемінде «Qurban-2023» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

28-30 маусым аралығында өткен мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына тапсырыс беру арқылы онлайн және жергілікті қасапханаларда офлайн форматта құрбан шалынды. Мерекеге орай арнайы құрылған жұмыс штабы құрбан шалу рәсімдерін республика көлемінде ұйымдастыруды қолға алып, бүгінде жүйелі жұмысын сәтті аяқтап отыр.

Қорыта айтсақ, еліміз бойынша Құрбан айт күндері Qurban2023.kz сайтына 1 842 тапсырыс берілсе, 2 181 мұқтаж отбасыдан ет алу жөнінде өтініш келіп түскен. Республика бойынша ұзын саны 2253 адамнан құралған бірнеше штаб құрылып, 31 қасапханада 283 қасапшы тапжылмай жұмыс істеді.

Еліміз бойынша құрбан шалу рәсімі барысында жалпы саны 35 320 мал сойылса, оның 29 663-і – қой, 2 425-і – ешкі, 3 196-сы – сиыр, ал түйе саны – 36. Осылайша 1 104 тонна ет 123 594 отбасыға дін қызметкерлері және еріктілердің көмегімен жеткізіліп берілді. Құрбандық еті арнайы мекемелерге де таратылғанын айта кеткен жөн. Мәселен кейбір өңірлерде мүгедектер қоры, зағиптар қоры, ауруханалар мен ардагерлерге еріктілер құрбан етін есігінің алдына дейін апарып берді.

Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша дін қызметкерлеріне, имамдарға, құрбан шалуды онлайн және офлайн форматта жүзеге асыруға жәрдемдескен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстық, жергілікті әкімдіктер және құрбан шалу рәсіміне атсалысқан барша ақжүрек азаматтарға, жаны жомарт кәсіпкерлер мен еріктілерге шексіз алғысын білдіреді. Еліміз түрлі ауыртпашылық пен індет атаулыдан аман болып, жылдан есен айттан айтқа жете бергей! Алла Тағала бізден және сіздерден қабыл етсін!

ктеміз.

 

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: