#Рысқұлов: Құрбандық еті таратылды

#Рысқұлов: Құрбандық еті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты барлық ауыл тұрғындары Алланың әмірін орындап Қасиетті Құрбан айт күндерінде өз құрбандықтарын шалды. Аудан әкімі Ернар Серікәліұлы бастап, құрбандыққа сиыр шалып, еттері бөлініп, тұрмысы төмен 25 мұқтаж отбасыға таратылып берілді. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері мен ауыл тұрғындары да құрбандық шалып, Алланың разылығын іздеп, еттерін садақа қылып қайырымдылық жасады.

Құрбан айттың үш күні бойынша 439 қой мен ешкі, 42 бас ірі қара сойылып, құрбандық малының еттері аудан бойынша 1247 тұрмысы төмен отбасыларға үлестірілді.

Құрбан шалу – пайғамбарлардың атасы Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сүннеті. Бұл дәстүр біздің үмметке де мұра болып қалған. Зайд ибн Әрқамнан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдар: «Уа, Алланың Елшісі! Құрбандық деген не өзі?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аталарың Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) сүннеті», – деп жауап берген. Содан соң: «Одан бізге қандай сауап бар?» – деп сұрақ қойылады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар», – дейді (имам Ахмад).

Қуаныш  Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: