#Рысқұлов: Құрбан айтта шәкірттерге сыйлық жасалды

#Рысқұлов: Құрбан айтта шәкірттерге сыйлық жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінде қасиетті қос мерекеміздің бірі Құрбан айт мерекесі аталып өтті. Мешіт шәкірттеріне ілімнің құндылығы айтылып, “Кім жылдам?”, “Ойлан, тап!” ойындары ойнатылды.

Шәкірттердің алғырлығы, ұшқырлығы мен жылдамдықтарын арттыру мақсатында ойнатылған ойындар жарыса отырып, қызықты өтті. “Әл-Хақ” мешітінде араб әліпбиін бітіріп, тәджуид ережелерін меңгерген, Құранға қадам басқан шәкірттерге сертификат табысталып, сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, айт мерекесінің құрметіне дастарқан жайылып, емін-жарқын діни сұрақ-жауап болды.

Қуаныш Тузелбеков 

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: