#Меркі ауданы: Қызылқыстақ жұртшылығы «Құрбан айт» мейрамын тойлады

#Меркі ауданы: Қызылқыстақ жұртшылығы «Құрбан айт» мейрамын тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с айтқандай «Алланың құзырында күндердің ең ұлығы Құрбандық күні». Мұсылман халқының ең үлкен рәсімін Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылының жұртшылығы ерекше қуанышпен тойлап өтті.

Қасиетті Құрбан айттың 3-ші күні жұма күніне дәл түсіп, айтқа арналған бірқатар шаралар өтті.  Жұма намазына жиналған көпшіліктің қуанышын бөлісуге келген ауыл ақсақалдары, жұртшылықты қасиетті Құрбан айт мерекесімен  құттықтады.

Жұма намазынан соң, бір бірін жамыраса құттықтаған ауыл тұрғындары, арнайы мешіт ауласына жайылған Құрбан айттық ақ дастарханнан дәм татты. Ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз бата жарысына қатысып, жүлделі орындарға қаржылай сыйлық берілді. Айттық дастарханға жайғасқан үлкенді-кішілі барша қонақтарға балмұздақ таратылды.

Күндердің ең абзалында мәре сәре болған көңіл күймен жүрген жұртшылық мейрам құрметіне арнайы ұйымдастырылған спорттық шараларға белсене қатысты. Атап айтсақ гір тасын көтеру, асық ату, қол күресі сынды жарыстар ұйымдастырылды. Мыңнан жүйрік шыққандарға қаржылай сыйлық табысталды. Мешітте мерекелік ойын сауық  ұйымдастырылып, тұрғындар мерекені сезініп шаттанды.

Осылайша мұсылман қауымының төл мерекесі Қызылқыстақ ауылында кеңінен аталып өтті. Алла Тағала барша мұсылман қауымына осындай қуанышты күндеріміздің көп болуын нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: