#Меркі ауданы: Құрбан айттық сыйлық

#Меркі ауданы: Құрбан айттық сыйлық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының басшылығымен Меркі тауларында орналасқан жазғы балаларға арналған лагерін зиярат етіп қайтты.

Бас имам Азамат Берікұлы балалардың жаздық демалысты өткізіп жатқан орынның тыныс-тіршілігімен танысып, мешіттің атынан кілем сыйға тартты. Және де онда қызмет атқарып жатқан ұжым қызметкерлерін қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Ұжым басшылығы өз алғыстарын білдіріп, рақметін жеткізді.

Артынша Алла Тағаладан жалбарынып, елге, жерге адал қызмет етуді сұрап, елдің, жердің амандығы үшін дұға жасады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: