#Қордай: Курс шәкірттерімен топтық-білім сайысы өтті

#Қордай: Курс шәкірттерімен топтық-білім сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы мен өндірістік іс-тәжірибеден өтуші шәкірттердің ұйымдастыруымен жаздық сауат ашу курсындағы оқушылар арасында білім сайысы өтті.

Топтық білім додасына "Мұғжиза", "Имандылар", "Тақуалар" деп аталатын 3 топ қатысты. Жарыс: таныстыру, алғырлар сайысы, мұғжиза сайысы, өнер сайысы, әманту билләһи кезеңдері бойынша бағаланды.

Көрермендерге сөзжұмбақ пен сира, фиқһ, Пайғамбарлар тарихы пәндерінен сұрақтар қойылды. Қорытындыға сай "Имандылар тобы" жеңіске жетті. Ал екінші орынды "Тақуалар" тобы, үшінші орынды "Мұғжиза" тобы иеленді. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: