#Қордай: Аудан бас имамы Масаншы ауылдық мешіттерін аралады

#Қордай: Аудан бас имамы Масаншы ауылдық мешіттерін аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев Масаншы ауылының мешіттерін аралады. Ауылда жалпы 13 мешіт бар. Өңірдің рухани басшысы "Жарғожатегі Ыбрайымұлы Еділбек" мешіті, "Мұсылмандар" мешіті, "Имам Ағзам" мешіті, "Әл-Жалил" мешіті, "Әл-Куддус" мешіті, "Медина 2" мешіттерін зиярат етті. 

Мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып, имамдарға тәртіпке бағыну керектегін және мешіт, дәретхана тазалығына ұқыптылықты, намаз уақыттарына сақ болуды шегелеп тапсырды. 

"Намаз мүміндерге сөзсіз уақыты белгіленген парыз" - "Ниса" сүресінің 103 аятында. Бұл тарасында кеңінен насихат айтып, әр намазды өз уақытында оқу керектігін ескертті. Сонымен қатар сауат ашу курстарында тек ҚМДБ бұйрығы бар мамандардың дәріс беру керектігін  сөз етті. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: