#Қордай: Аудан бас имамы Қордай Құран қарилар даярлау орталығында болды

#Қордай: Аудан бас имамы Қордай Құран қарилар даярлау орталығында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Әлімұхаммед Егізбаев Қордай Құран қариларын дайындау орталығын зерделеді. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, 5 жылдық оқу бағдарламасын қарады. Кітап сөрелеріндегі кітаптарды, әдебиеттерді тексеріп, жіті қадағалады. 

Сонымен қатар орталықтың ұстазымен бір жиын, шәкірттерімен екінші жиын өткізді.  Көпшілікпен тілдесіп, Алладан  қызметтеріне береке сұрап, бата берді.

Шәкірттермен дидарласқанда жалынды сөздерімен дін қызметіне шақырып, оқуды тәмәмдаған соң еліміздегі діннің көркеюіне маңдай терлерін аямай төгіп, еңбек ететіндеріне үміт білдірді. 

Бас имам өзге өлкелерде дін білімін алып жатқан, аяғының астында періште қанат жаятын шәкірттерге абыроймен елге оралуын тіледі.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: