#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде жазғы сауат ашу курсы өтуде

#Тараз: "Кеңесхан қажы" мешітінде жазғы сауат ашу курсы өтуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы "Кеңесхан қажы" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторы аталған мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының жетекшілігімен Жазғы діни сауат ашу курсы жүргізілуде. 

Аталған курсқа 9-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, Құран әліппесі, иман, әдеп, ислам тарихы, ғибадат пәндері бойынша білім алуда. 

Шәкірттерге 1 мезгіл тіскебасар ас және жұма сайын балмұздақ ұйымдастырылған. Оқушылар жас ерекшелігіне сай 2 топқа бөлініп, жалпы 30 қыз баласы қатысуда. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: