Мойны сынған еді

Мойны сынған еді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір патшаның баласы аттан құлап, мойын сүйектерін сындырып алады. Мойны пілдің мойнына ұқсап денесіне килігіп қалады. Басын бұру үшін бүкіл денесімен бірге бұрылып қарайтын еді. Еліндегі емшілердің бәрі қанша тырысса да оны емдей алмайды. Тек басқа елден келген бір емші ғана мойнын бұрынғы қалпына келтіріп, тамырлары мен сүйектерін жөнге келтіре алады. Егер бұл емші болмағанда, ханзада өмірінің соңына дейін мүгедек болып қалар еді, бәлкім өліп кетуі де мүмкін еді. Ханзаданың жағдайы жақсарғаннан кейін, оны емдеген емші, ханзада мен әкесін көруге барады. Тым болмағанда «рахмет» деген алғыс сөз күткен еді. Жақсылықты түсінбейтін патша мен ханзада оған еш көңіл бөлмей, қарамай қояды.

Емші өзіне көрсетілген бұл мәмілеге қатты ренжіп, патша мен баласы ұялатын жерде, дәрігердің өзі ұялып басы салбыраған күйде ол жерден кетіп қалады. Жолда өз-өзіне: «Егер мен оның мойнын емдеп, бұрынғы қалпына келтірмегенімде, бүгін менен жүзін бұра алмас еді» - дейді. Осындай жағдайға түскен дәрігер, патша мен ханзададан өш алуға шешім қабылдайды. Оған бір дәндер жібереді. Жанына мынадай хат жолдайды: «Ханзада мынаны бір ыдысқа салып өртесін. Шипалы және денсаулыққа өте пайдалы нәрсе.»

Ханзада емші жіберген дәнді өртегенінде түтүнінен түшкіріп жібереді. Түшкірген кезде басы қайтадан қисайып қалады. Патшаның бұйрығымен әлгі емшіні ұзақ уақыт бойы іздегенімен еш таба алмайды. Емшіден кешірім сұрамақ болады. Бірақ амал нешік... Болар іс болған еді.

Біздің де ертең махшар күні мойнымыз бүкірейіп тұрмауы үшін, Аллаһу та'алаға шүкір етуден бет бұрмауымыз керек...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: