Ертеректе Куфа жерінде халықтың отқа табынуы кеңінен етек алды. Әбу Ханифа (р.а.) заманында да отқа табынушылар көптеп кездесетін. Бір күні солардың бір тобы Әбу Ханифаға (р.а.) келіп:
– Көзіңмен көрмеген Жаратушыға қалай табынасың? – деп сұрақ қояды. Имам Ағзам (р.а.) оларға мысалмен жауап бергенді жөн көрді:
– Қазына тиеп алып, ештеңеге соқтықпай өз бағытымен жүзіп бара жатқан кемені иесіз дей аласыз ба? Ой көзімен көре білген адамға мына жер мен жұлдыздар да ғарыш кеңістігінде кемедейін жүзіп бара жатқан жоқ па? Кеменің жүргізушісі болса, әлемнің Жаратушысы мен Басқарушысы неге болмасқа?!