Бірде Туфәйл ибн Әбу ибн Кағб (р.а.) өзімен бірге базарға барғысы келген Абдулла ибн Омарға (р.а.):
– Сіз базарға не үшін бармақсыз? Бір нәрсе сатып алатын, не бір нәрсе сатайын деген түріңіз байқалмайды. Одан да келіңіз, мына бір жерге отырып, біраз әңгіме-дүкен құрайық, – дейді.
Сонда сүннет амалдарды істеуге құмар Абдулла ибн Омар (р.а.) оған:
– Біз кейде үйден тек сәлемдесу үшін шығамыз. Кездескен кісілермен амандасып, есен-саулықтарын сұрасып қайтсақ болғаны, – деп жауап берген екен.