Әсемдік кремі

Әсемдік кремі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды:

- Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз?

- Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине.

Диктор жас әйелге барып:

- Сіз ше, ханым, сіздің де бетіңізге ерекше күтім жасайтын сияқтысыз? – деп сұрады.

- Мен қымбат кремдер қолданамын.

Орта жастағы әйел араласып:

- Бұрын мен де солай жасағанмын, қызым. Бірақ, терімнің ылғалдылығы көп кетіп қалған болу керек, 3-4 жылдан кейін терім босап қалды. – деп қарсы шықты.

- Бірақ, теріңіз жаман емес сияқты.

- Пластикалық операция дегенді естіп па едің? Терімді тарту үшін пышаққа аз түсті дейсің бе мені?!

Диктор маркеттің сөрелеріне зат қойып жатқан бір жасы үлкен әйелді көреді. Өзі жұмыс істейтін арнаға көп жарнама беретін косметикалық фирмаларды ренжітпеу үшін сол жаққа барып:

- Апай, тері күтімі туралы зерттеу жүргізудеміз. Сіз ұлғайған жасыңызға қарамастан осындай әдемі болып сақталған бетіңізге қандай крем жағасыз? -деп сұрады.

Әйел орамалын жөндеп:

- Мен бетіме крем сүртпеймін, балам. Мен бетімді жайнамазға сүртемін, -деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: