#Меркі: Мешіт жанынан мұнара бой көтеруде

#Меркі: Мешіт жанынан мұнара бой көтеруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінінде мұнарадан азаншылар күн сайын бес уақыт намазға азан шақырып, намаз уақытының кіргендігін хабарлап отырған. Мұнара сөзі мешітпен тығыз байланысты. Мешіт мұнаралы болуы керек.

Осы орайда, Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің жанынан 17 метрлік мұнара бой көтеруде.

«Жүніс молда» мешіті совет одағында салынған ескі мешіттер қатарында. Шатыры үй шатырына ұқсап, төрт қабырғамен салынған қарапайым мешіт еді.

«Жұніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның ерен еңбегінің арқасында мешіт заман талабына сай күрделі жөндеуден өтіп, ауданымыздағы ең әдемі, сәулеті жарасқан мешіттер қатарында.

Атап айтсақ, мешіт толық күрделі жөндеуден өтіп, ғимараты кеңейтіліп, шатырына күмбез қойылып, мешіттің іші мен сырты заман талабына сай әрленді. Дәретханасы толық жөнделді. Мешіт жанынан білім ошағы мен асхана салынып, пайдалануға берілді. Енді міне мешіт мұнарасы бой көтеруде.

Алла Тағала мешіт имамына разы болып, істеп жатқан амалдарын қабыл еткей!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: