Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша «Сұлтан» орталық мешітінде, Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінде, Қорағаты ауылдық мешітінде, Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешітінде, Тереңөзек ауылдық «Таңат ата» мешітінде «1 айда Құранға түс» жобасы аясында шәкірттер құран оқып үйренуге кірісті.
Жобаның мақсаты Қасиетті Рамазан айын тиімді пайдаланып, мешіт шәкірттеріне құранды арабшадан оқуды үйрету еді. Құран дәрістерін мешіт имамдары мен ұстаздары, сондай-ақ тарауих намазында арнайы құран хатм оқуға келген қарилар жүргізуде. Мешіттің ынталы шәкірттері 10 күн ішінде құранға түсіп, жақсы нәтижелер көрсетуде.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі