Қазақ – дінін ардақтаған, дін насихатшысы – молдасын қадірлеген халық. Сондықтан болар, ел арасында «бұған молдекең не дейді екен?» деген сөз бен таным-түсінік кеңінен тараған. Иманым – жиғаным деп түсінген жұртымыз қандай мәселе болсын, имаммен ақылдасып, шариғаттың үкімін басшылыққа алған. Соның айғағы болса керек, қазақ қоғамында имам рухани жетекші, ақылшы, данагөй данышпандардың рөлін атқарған, атқарып та келеді. Осы орайда халық игілігі үшін қызмет етіп жүрген имамдарға қаржылай қолдау көрсету маңызды-ақ.
Шу ауданы "Төле би" мешітінде кәсіпкер азаматтың демеушілігімен 5 дін қызметкеріне қаржылай көмек берілді.
"Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының айтуынша алдағы уақытта 4 қызметкерге осындай қаржылай қолдау көрсету көзделіп отыр.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі