#Шу: Наиб имам Хати Сауранбай мешітінде уағыз айтты

#Шу: Наиб имам Хати Сауранбай мешітінде уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының наиб имамы Мағжан Мұратұлы Белбасар ауылдық "Хати Сауранбай" мешітін зиярат етіп, тарауық намазына қатысты.

Намаздан алдын білікті маман "Құран және әдет-ғұрпымыз" тақырыбында көркем насихат жүргізді.

"Бүкіл мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады. Құранның алғашқы аяттары Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 610 жылы Рамазан айында Хира үңгірінде Ұлы Жаратушыға мінәжат үшін барғанында нәзіл болғаны баршамызға белгілі. Алғашқы түскен аят «Алақ» сүресінің бастапқы 5 аяты еді. Содан бастап 23 жыл ішінде Құранның барлық аяттары рет‑ретімен түсіп бітті. Құран аяттарының түсуінің өзіндік ерекшеліктері бар," - деп атап өтіп, көпшіліктің сауалына жауап берді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: